Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Павлодарда сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

AstanaTV
20.11.2022ж. 16:00
1527
Павлодарда сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

Павлодарда ауруханада жатқан науқастар да дауыс берді. Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада 250-ден астам адам ем алуда. Олар емхана ғимаратында орналасқан 46 сайлау учаскеcінде таңдауларын жасады. Өңірден Өзгеріс Қуанар тікелей байланысқа шығады.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Павлодарлықтар да сайлауға белсенді қатысып жатыр. Дауыс бергендер арасында ауруханада ем алып жатқан науқастар бар.

Олар емхана ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді. Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада 250-ден астам науқас ем-дом қабылдап жатыр.

Маржан СЕРКЕНОВА, НАУҚАС:

Еліміздің тарихындағы елеулі жағдайға қатысып, соның бір мүшесі болып, өзімнің таңдауымды жасауға келіп тұрмын және де бұл сайлау еліміздің тарихында өз орнын қалдырады деген ойдамын.

Ел үшін айтулы шарадан спортшылар да тыс қалған жоқ. Еркін күрестен Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай да өз таңдауын жасады.

Дәулет ШАБАНБАЙ, ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:

Бұл сайлау деген бүкіл елдің маңызы. Ең мықтысын ғана таңдаймыз. Біздің күшіміз осы біздің көмірқышқыл газ, алтын да емес. Біздің күшіміз, елдің күші – бірлікте. Бірлікте болайық! Мықты болайық!

Сайлау қарсаңында облыс орталығының 8 шағын ауданы мен қалаға қарасты 5 ауылда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Онда азық-түлік бағасы нарықтан 10-15 процентке төмен саудаланды.

Сара ДЫБЫСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жәрмеңкеге қатысып көкеністер алдық. Елдің бәрі сайлауға дауыс беріп жатыр. Күн жылы.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Павлодар облысында 528 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 513 мың адам дауыс беруге құқылы. Осы уақытқа дейін өңір халқының жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді.

Ө. Қуанар