$521.9 €593.5 ₽6.39
×

«Қазақстанда бүгін тарихи күн», - М.Бәшімов

AstanaTV
20.11.2022ж. 16:00
1444
«Қазақстанда бүгін тарихи күн», - М.Бәшімов

«Қазақстанда бүгін тарихи күн». Өз таңдауын жасаған сарапшы Марат Бәшімов осылай деді. Ол сайлауға өзінің отбасымен бірге келіп, дауыс берді.

Марат БӘШІМОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Шын айтса, бүгін тарихи күн. Былай қарағанда демократиялы түрде ашық түрде, еркін, әділеттікке тырмысып сайлауды өткізіп жатқанына қуаныштымын. Өйткені өзіміздің отбасымызбен келіп, өз еркімен барып сайлауға, балалар үшін болашаққа беріп жатқаны өте дұрыс. Саясаттың бәрі болашақ деп ойлаймын.

Сарапшы Мансұрхан Махамбетов те отбасымен келіп өз таңдауын жасады. Оның пайымынша, халық билікке сенім артып, тарихи шешім қабылдауда.

Мансұрхан МАХАМБЕТОВ, ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Байқап отырсыздар, халық өз таңдауын жасап жатыр. Бұл тарихи таңдау десек болады. Төрт құбылып тұрған, төрткүл дүниені көріп, біліп отырған халық, бүгін өз таңдауын жасауда. Бұл деген билікке сенім арту. Енді халықтың таңдауымен келетін Президент осы сенімді ақтау керек.

Ә. Дүкембаева