Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Сайлау учаскесінде палау басылып, жұрт астан дәм татты

AstanaTV
20.11.2022ж. 22:00
1601
Сайлау учаскесінде палау басылып, жұрт астан дәм татты

Шымкентте бүгін ауа-райы тамаша болды. Күннің көзі шығып, айнала жарқырап, жайма-шуақ кейіпке енді. Әр сайлау учаскесінде той болып жатқандай. Жұрт абыр-сабыр, көңіл күйлері көтеріңкі. Кейбіреулерінде палау басылып, келушілер астан дәм татты.

Қара қазанға 25 келі күріш, 15 келі сәбіз бен бір қойдың еті салынған. Сайлаушыларға қуаныш сыйлағымыз келді дейді ұйымдастырушылар.

Икрам ХАШИМЖАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ӨЗБЕКТЕРІ “ДОСТЫҚ” ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жігіттерге айттым: «Айналайын, ертең қонақтар болады. Әжелер келіп қалуы мүмкін. Аталар келеді. Сол кезде бір пиала шайын беріп, құрметін қоятын болсаңдар, олар қуанып кетеді. Ауа-райын қараңыз, қандай керемет, көмек беріп тұр бізге».

А. Төребекқызы