Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды

AstanaTV
21.11.2022ж. 20:00
1477
Президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды

Президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 8 миллионнан астам сайлаушы бюллетень алды, бұл дауыс беру тізімдеріне енгізілгендердің 70 проценті. Алдын ала қорытындыға сәйкес, Қарақат Әбденге 200 мыңнан астам, Нұрлан Әуесбаевқа 170 мыңнан аса, Жигули Дайрабаевқа 271 мыңнан астам дауыс берілген. Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын 200 мыңнан астам адам қолдаған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын 6 млннан аса сайлаушы таңдады. Ал, Салтанат Тұрсынбековаға 168 мыңнан аса дауыс берілген. «Бәріне қарсымын» бағанын 460 мың адам таңдаған.

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Дауыс беру күні ҚР Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан аса сенім білдірген адамдары, шетелдік халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардың 15,5 мыңнан аса байқаушысы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан аса байқаушы сайлауды бақылауды жүргізді.

Сондай-ақ Әбдіров Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссияларының атына келіп түскен ресми және барлық өтініштер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатынын айтты.

САЙЛАУДЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

Қарақат Әбден: 206 206 - 2,60%

Нұрлан Әуесбаев: 176 116 - 2,22%

Жигули Дайрабаев: 271 641 - 3,42%

Мейрам Қажыкен: 200 907 - 2,53%

Қасым-Жомарт Тоқаев: 6 456 392 - 81,31%

Салтанат Тұрсынбекова: 168 731 - 2,12%

Бәріне қарсы: 460 484 - 5,80%

М. Қалиасқар