Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Кандидаттар Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады

AstanaTV
21.11.2022ж. 20:00
1846
Кандидаттар Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады

«Халық өз таңдауын жасады». Сайлау аламанына түскен кандидаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады.

Республикалық кәсіподақтар Достастығының атынан сайлауға түскен кандидат Мейрам Қажыкен үндеу жасады. Ол саяси науқанда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты және ел тұрғындарын құттықтады.

Мейрам ҚАЖЫКЕН, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Қазақстан өз таңдауын жасады. Мұны факт ретінде қабылдауымыз керек. Қазақстанның ПРезиденті болып Қасым-Жомарт Тоқаев таңдалды. Құттықтаймын.

Жигули Дайрабаев та Мемлекет басшысын құттықтады. Ол сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша басым дауыс иеленген Қасым-Жомарт Тоқаевты ел игілігі үшін еңбек ететініне сенемін деді.

Жигули ДАЙРАБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Саяси науқанда айтылған бағдарламам тек сайлаумен ғана тоқтамайды. Бағдарламамызды ары қарай жүзеге асырып, қарапайым халықтың өмірін жақсарту үшін бүкіл күш-жігерімді, өмірімді арнаймын.

Қарақат Әбден де Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Ол халыққа бірлік пен береке қажет деді. Себебі, үгіт-насихат жұмысын жүргізу кезінде кандидаттың жұмысына әдейі кедергі келтірмек болған блогерлерді заңмен жазалау қажеттігін алға тартты.

Қарақат ӘБДЕН, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Құрметті, қазақстандықтар! Осымен кезектен тыс өткен Президенттік сайлау да өз мәресіне жетті. Бұл саяси додада жеңіске жеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын шын жүректен құттықтаймын. Халықтың қолдауы бар кезде алынбайтын қамал жоқ. Ел тізгінін қолға алған Қасым-Жомарт Кемелұлына қажымас қайрат пен сәттілік тілеймін!

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан сайлауға қатысқан Салтанат Тұрсынбекова кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәттілік тіледі.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА,  ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізді сенімді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Барлық жоспарларыңыздың орындалуына сәттілік тілеймін! Мен өз тарапымнан Сізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынмын.

Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Сайлауда жеңіске жеткен Президент азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартып, еліміздің гүлденуіне барын салады деп үміттенеміз.

Бұл – Тәуелсіз Қазақстан жылнамасындағы жетінші Президент сайлауы. Саяси додаға 6 кандидат түсті. Пезиденттікке үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге 1 ай уақыт уақыт берілді. Тең мүмкіндік қарастырылды.

Р. Бақытжанқызы