$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Сайлау әділ әрі ашық өтті», – ТМД елдері байқаушылар миссиясы

AstanaTV
21.11.2022ж. 20:00
1145
«Сайлау әділ әрі ашық өтті», – ТМД елдері байқаушылар миссиясы

ТМД-дан келген бақылаушылар миссиясы «Сайлау әділ әрі ашық өтті» деді. Миссияға Достастықтың тоғыз елінен 174 адам кірген. Олар Қазақстанда бір айға жуық жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде миссия мүшелері ауыл-аймақты қосқанда мыңнан астам жерде болды. Шетелдік сарапшылар сайлау учаскелеріндегі достық атмосфера мен қазақстандықтардың жоғары белсенділігін ерекше атап өтті.

Сергей ЛЕБЕДЕВ, ТМД ЕЛДЕРІ БАЙҚАУШЫЛАР МИССИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз қалаған ақпаратты алып, сөйлескіміз келген адаммен сөйлестік. Кандидаттарды тіркеу жүйелі өтті. Сайлау комиссиялары жүйесі де жоғары деңгейде. Кандидаттарға да, сайлаушыларға да барлық мүмкіндік жасалған. Инклюзивті мүмкіндіктерге де аса жоғары деңгейде көңіл бөлініпті.

А. Серік