Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордалық емханаларға 50 жаңа көлік берілді

AstanaTV
21.11.2022ж. 20:00
1249
Елордалық емханаларға 50 жаңа көлік берілді

Елордалық емханаларға 50 жаңа көлік берілді. Медицина қызметкерлері енді осы жаңа автокөлікпен шақыртуларға барады, алғашқы көмек көрсетеді. Мұнын барлығы «дәрігерлердің кәсіби міндетін лайықты әрі уақтылы орындау үшін жасалған жағдай», - дейді мекеме қызметкерлері.

Жаңа көлікті болған дәрігерлерді қалалық мәслихат хатшысы құттықтады. Медицина саласын дамытудың кешенді жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ:

Бұл қалалық денсаулық сақтау саласындағы тарихи күн. Бұл сұрақ көптен бері көтеріліп келеді. Біздің басты міндетіміз - емханалардың материалдық базасын нығайту, қолайлы жұмыс жағдайын жасау, дәрігерлерді сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.

Жеңіл автокөліктер дәрігерлер мен медбикелердің 4-ші санаттағы шұғыл шақыруға дер кезінде баруға мүмкіндік туғызды. Атап айтқанда, пациенттерді үйде тексеру, дәрі-дәрмектерді жеткізу және сынақ нәтижелерін алып баратын болады.

Темір МҰРАТОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Медицина қазір мобильдікпен тікелей байланысты. Қазіргі уақытта біздің емханалар жедел жәрдем шақыруларының төртінші санатын орындауда.

Күн сайын учаскелік дәрігерлер 15 аса шақыртуға барады. Пандемия кезеңі мұндай көліктің аса қажет екенін көрсетті, дейді дәрігерлер.

Алтыншаш ТАБУЛДИНА, ГЛАВНЫЙ ВРАЧ ПОЛИКЛИНИКИ №5 ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ, АСАНА ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Өте қуанышты жаңалық. Патронаж және медбикелер бар. Науқастар үшін сынақ қоршаулары бар.

Елордада медициналық көмектің сапасы айтарлықтай өсті. Соңғы үш жылда үш мың аса арнайы құрал-жабдық астаналық медициналық мекемелеріне берілді.

Р. Бақытжанқызы