Қасым-Жомарт Тоқаев 7 жылдық мерзімге сайланды. Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының ресми қорытындысын жариялады. Енді Мемлекет басшысына куәлік тапсырылады. Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 6 млн 456 мың 392 сайлаушы Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдаған. Яғни дауыс бергендердің 81,31%.
Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті ретінде тіркеді. Сайланған Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президентті ұлықтау рәсіміне қосымша қаражат бөлінбейтінін айтты.
Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ- ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
Президенттің ұлықтауына біз бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Заң бойынша Президенттік лауазымына өтуіне байланысты ант беруі. Бұған анау айтқандай көп қаражат кетеді ойламаймын. Сондықтан біздің тараптан қосымша қаражат бөлінбейді.
Ә. Дүкембаева