Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылжарда қала билігі 32 миллион теңгеге екі автобус аялдамасын сатып алмақ

AstanaTV
24.11.2022ж. 20:00
1977
Қызылжарда қала билігі 32 миллион теңгеге екі автобус аялдамасын сатып алмақ

Қызылжарда қала билігі бақандай 32 миллион теңгеге екі автобус аялдамасын сатып алмақ. Шенеуніктер мемлекеттік сатып алудың порталында осындай хабарлама жариялады. Екі бөлмелі пәтердің құнына тең келетін бұл не қылған аялдама? Шаһар көшелерінде бұған дейін де екі жылы аялдама болған. Оларды тұрғызған жеке кәсіпкердің бизнесі іске аспай қалған соң, оларды жауып тастаған. Алайда әкімдік өкілдері порталдағы жаңа байқау мен мұның арасында ешқандай байланыс жоқ деп сендіреді.

Әсем АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Әкімдік қалада дайын тұрған жылы аялдамаларды сатып алмайды. Олар жекенің қолындағы нысандар. Ал жаңа аялдамалардың біреуі шаһар орталығында, екіншісі Береке шағын ауданында орнатылады. Әзірге екеуін қоямыз. Кейін көре жатамыз.

Қызылжарда жылы аялдамалар бастамасы осымен үшінші рет көтеріліп отыр. Осыған дейінгілері іске аспаған соң қала тұрғындары көңілі қалғанын айтады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Әлгінде аялдамаға кіріп жылынып алайын дегем. Бірақ жабық тұр екен. Кейде ашық тұрады, кейде жауып тастайды. Неге екені түсініксіз.

-Бұл аялдама былтыр қойылды. Бұл жерде кофейня жұмыс істеп тұрғанда аялдама ашық болды. Енді екеуі де жабық.

А. Құрманкин