$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Соғыс ардагерлері әлі күнге дейін баспана кезегінде тұр

AstanaTV
25.11.2022ж. 20:00
1620
Соғыс ардагерлері әлі күнге дейін баспана кезегінде тұр

Елімізде ұзақ жылдар бойы баспана кезегінде тұрып, әлі күнге дейін үй ала алмай жүргендердің арасында 88 соғыс және тыл ардагері бар. "100-ге келген қариялар әлі үйлі болмаса, біздікі орындалмайтын арман шығар" дейді өзгелер. Кезек неге жылжымайды? Баспана деген баққа қол жеткізу неге қиын? Аружан Задабек тарқатады.

Мәкен Шалабаеваның әкесі Ауған соғысының ардагері. Отбасымен жалдамалы үйде тұратындарын айтады. Әкесінің үй кезегінде тұрғанына 10 жылдан асыпты. Бірақ, әлі күнге дейін мемлекет бағдарламасы арқылы баспаналы болу бұйырмаған.

Мәкен ШАЛАБАЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менің папам ауған соғысына қатысқан. 2 жыл, контракт бойынша. Бірақ әлі де алмай жүр. Баяғыда уже 10 жыл болған шығар, әлі тұр солай.

Баспанаға қол жеткізе алмай жүрген бұл отбасы ғана емес. Үй алу мұңға айналған тұрғын көп. Неге?

БЛИЦ:

- Қазақта бір нормально квартира бар ма? Бар ма? 10 жыл, 12 жыл квартира жалдап жүр.

- Қазақстанда онша бағдарлама жүріп жатқан жоқ қой. Мен мысалыға өзім көпбалалы отбасымен алғанмын. И то оны өз атыма түсірген жоқ, арендное жилье.

- Таныстарым бар алып жатқан. Бірақ олай алу қиын деп ойлаймын өз басым.

Сенат депутаты Даурен Әділбеков те мемлекеттік бағдарламамен үй алу қиын дейді. Сенатор «7-20-25»-тің баға лимиті халықтың баспана алу мүмкіндігін шектеп отырғанын айтады. Бағдарлама ел ішінде танымал болғанымен, тұрғындар үшін қолайсыз екенін жеткізді.

Даурен ӘДІЛБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Біріншіден, ипотекалық бағдарламаларға елдің бәрінің қолы жете бермейді. Мемлекеттік бағдарламалардың болғанына қарамастан, халықтың көбі меншік баспана сатып ала алмай отыр. Өйткені жылдық пайыздық мөлшерлеме көкжиегі «Отбасы банк» АҚ-да 3,5-7%-дан басталып, коммерциялық банктерде 19%-да асады. Ал елдегі ипотека портфелінің 35%-дан астамы осы коммерциялық банктерге тиесілі.

Елімізде 623 мың азамат үй кезегінде тұр. Оның 400 мыңнан астамы әлеуметтік осал топқа жатады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің мәліметінше, Қазақстанда бір жылда небәрі 20 мың азамат баспанаға қол жеткізеді.

Еркебұлан ДАУЫЛБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жыл сайын өсім - 8-10 пайыз арасында. Бір 50 мыңға жылда өсіп жатыр. біздің енді бюджеттік қаражаттың шектеулігі бар, басқа да әлеуметтік салалар бар, тек қана тұрғын үй емес қой. Сол салалардың бәрін ескере отырып біз бүгінгі таңда 20 мыңға жуық әр жылы тұрғын үйге мұқтаж жандардың мәселесін шешіп отырмыз. Сол себепті бүл бір күндік мәселе емес. бірден шешу оны мүмкін емес. Бірақ біздің министрлік қарап отырған жоқ.

А. Задабек