Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алдағы күндері аяз күшейеді

AstanaTV
25.11.2022ж. 20:00
1677
Алдағы күндері аяз күшейеді

Елордада да қалың қар жауып, күн күрт суытты. Жерге мұз қатып, жолдар көк тайғаққа айналды. Қазір көшелерде қызу жұмыс жүріп жатыр. Қар тазалау жұмыстарына 2 жарым мыңға жуық жұмысшы мен мыңнан аса техника жұмылдырылды. Ал мамандар тұрғындарға сақтық шараларын ескеруге кеңес береді. Себебі, алдағы күндері аяз күшейеді дейді "Қазгидромет" мамандары.

Жауаптылардың айтуынша, бүгін түнде қаладағы комуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден астам қар жиналып, полигондарға шығарылған. 500-ге жуық рейс жасалған. Мамандар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Нұржан СӘЛІМБАЕВ, АСТАНА Қ. «САРЫАРҚА» АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Бірінші магистраль жолдары тазаладық. Таңертең көктайғаққа қарсы жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандардағы тротуарларды, қосалқы кірме жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргіздік Бүгін түнде 5 мың текше метрден астам қар жиналды. Оларды полигондарға шығарып жатырмыз. Мамандардың барлығы тәулік бойы тыңбай еңбектеніп жатыр. Жұмысты ары қарай да жалғастырамыз.

Қар тазалауға жұмылдырылған жұмысшылар күні-түні көшелерді тазалап жатыр. Сондай-ақ, көшедегі мұзды ойып, тұрғындар қауіпсіздігі үшін жұмыла жұмыс істеуде.

Айта кетейік, соңғы аптада бас қаладан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бұл -15 мыңнан астам ауыр жүк көлігі. Синоптиктер алдағы күндері аяз күшейеді дейді. Сондықтан тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертеді.