Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Мемлекет басшысының алдында тұрған міндет көп»,- саясаттанушы

AstanaTV
25.11.2022ж. 20:00
921
«Мемлекет басшысының алдында тұрған міндет көп»,- саясаттанушы

«Кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында тұрған міндет көп». Белгілі саясаттанушы Андрей Чеботарев Қазақ Ұлттық университетінде жасаған талдамалық баяндамасында осылай деді. Ол елімізде өткен сайлаудың ерекшеліктерін атап өтті. Саясаттанушының сөзінше, саяси науқанның басты жетістігі – оның әлемдегі күрделі саяси ахуал кезінде ұйымдастырылуы. Ол сайлау барысына және үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларына жоғары баға берді. «Қайта сайланған мемлекет басшысы мен қоғам әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешу үшін күш жұмылдыру керек»,- дейді. Сондай-ақ, Андрей Чеботарев 7 жылдық президенттік мерзімді қолдайтынын жеткізді. Айтуынша, бұл уақыт аралығында мемлекет басшысының көптеген реформаларды іске асыруға мүмкіндігі бар.

Андрей ЧЕБОТАРЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Президенттік сайлау - кез-келген ел үшін маңызды оқиға. Себебі ол мемлекеттің қысқа және орташа мерзімді перспективаға арналған саяси күн тәртібін анықтайды. Біздің мемлекет басшысы қайта сайланып қана қойған жоқ, жаңа жеті жылдық мерзімге сайланды. Сондықтан, еліміздің даму жолында елеулі өзгерістер мен жаңа бағыттар туындап жатыр.

М. Жақан