Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Астана» телеарнасында «Бас дәрігер» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартпақ

AstanaTV
25.11.2022ж. 20:00
2697
«Астана» телеарнасында «Бас дәрігер» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартпақ

«Астана» телеарнасы көрермендер үшін шытырманға толы жаңа телехикая дайындады. «Бас дәрігер» сериалының ортасында мансабын енді бастаған жас дәрігер тұр. Жаңа лауазымға тағайындалып, ол өз жолының қаншалықты қиын болатынын білмейді. Ашу мен ыза, кешірім мен кек, адалдық пен сатқындық. Басты кейіпкерді тағы не күтіп тұр? Алматылық әріптесіміз түсірілім алаңында болған еді.

Ерлан есімді жас маман аурухананың бас дәрігері қызметіне кіріседі. Бірінші күннен бастап ол өзінің ауыр дертке шалдыққан анасын құтқару әдістерін іздейді. Қазақстанда да жаман ауруды емдеуге болатынын барлығына дәлелдеуге тырысады. Алайда дәрігердің жолы қиындыққа толы болып шығады. Ол көптеген ниеті түзу емес адамдарды кездестіреді. «Бұл рөлге үйренісу оңай болған жоқ», - дейді актер.

Нұрсұлтан МҰХАМЕДЖАНОВ, АКТЕР:

Врачтардың жұмысы шынымен де ауыр екен. Мен соны мойындадым. Операция сахнасында өте қобалжыдым. Он серияның бір сериясы да скучный болмайды деп ойлаймын. Өйткені каждый сериясында каждый оқиға, каждый интрига. Өзімізге де қызық оның бәрін ойнап көрсеткен. Оқиғасы, сюжеті өзіме ұнайды.

Өз ісіне адал жас маманның жұмыс істеуіне медициналық мекеменің бұрынғы директоры кедергі келтіреді. Басты кейіпкер сатқындыққа да тап болады. Сериалдың басты мақсаты - ақ халаттылардың жұмысы туралы қалыптасқан теріс пікірлерді жою.

Еркебұлан ЖАЙСАНБЕК , АКТЕР:

Осы врач, медсестралардың шынайы жұмыс істеуге мүмкіндік болмайтынын көрсетеді бұл сериал. Ол өз көңілімен шынайылап емдегісі келеді, ал бірақ жоғары жақ басқаша талап етеді. Сол секілді шындықты ашады. Сол үшін маған сценарий қатты ұнады. Көрерменді солай қызықтырады деп ойлаймын.

Бас кейіпкер барлық кедергілерге төтеп бере ала ма? Оның басты қолдаушысы – өзінің әріптесі Мақпал болады. Оларды махаббат хикаясы да айналып өтпеді.

Динара МИРАСБЕК, АКТРИСА:

Менің персонажымның есімі – Мақпал. Өте қарапайым, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын жан. Бұл сериалда барлық медициналық персоналдардың өзекті мәселелері қозғалады. Сонысымен қызық деп ойлаймын. Өз көрерменін табады деген ойдамын.

Дәулет БЕКМАҒАНБЕТОВ, ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР:

Дәрігерлерді бағалайтын заман. Сол кісілердің ерең еңбегін бағалай отырып, осындай дүние шығару ойымызға келді. Әр көрермен өзін көреді. Дәрігер дәрігерді көреді. Жуырда біздің сериалымызды «Астана» телеарнасынан жіберіп алмаңыздар!

«Бас дәрігер» телехикаясының тұсаукесері дүйсенбіде «Астана» телеарнасында өтеді!

М. Жақан