Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Атырауда жеке орталықтың қызметкері аутизмге шалдыққан баланы ұрған

AstanaTV
28.11.2022ж. 20:00
2028
Атырауда жеке орталықтың қызметкері аутизмге шалдыққан баланы ұрған

Атырауда жеке орталықтың қызметкері аутизмге шалдыққан баланы ұрған. Орындықтан жұлқып құлатқан. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Осыдан кейін ғимараттағы камераның бейнежазбасын қараған ата-аналар мен орталық басшылығы тағы бірнеше келеңсіз жағдайды анықтаған.

Ақтау қаласының тұрғыны Екатерина Коршунова баласын осы орталыққа беру үшін Атырауға арнайы келген. Үш жастағы ұлын дәрігердің кеңесімен кешенді емдеу-сауықтыру орталықтарына апарып жүр. Жақында орталықтағы бір қызметкер ұлының денесінің көгергенін әлеуметтіК желіге жариялаған бойда, жанұшыра бақылау бейнежазбаны көруге барыпты.

Екатерина КОРШУНОВА – АТА-АНА:

Егер орталықтағы бірге істейтін қызметкердің баласының денесін көгертіп қойса, менің баламды не істеді деген ой келді. Осында келіп, тек соңғы бір айдың ғана видеосын көре алдым. Тамыз, қыркүйек, қазандағы бейнебақылаужазбаларын көре алмадым, кетіп қалған. Сондықтан ол мезгілде не істегенін білмеймін. Бізге апта соңында есеп ретінде видео жіберіп тұрады. Соның бірінде менің баламның бұған дейін жылағаны көрініп тұрды. Көзінде қорқыныш болды. Мен сұраған кезде балаңыз жұмыс істегісі келмеді деп жауап алған соң мән бермеді. Балам сөйлей алмайды, ыммен де түсіндіре алмайды.

Бұл дамыту орталығы былтыр ғана ашылған. Бейнежазбадағы АВА терапиясы маманы биыл тамыз айында жұмысқа тұрыпты. Орталық басшысы дәл осы қызметкер өзге орталықта жұмыс істеп жүрген кезінде өзінің аутизм диагнозы қойылған баласын апарғанын айтады. Сондықтан мұндай оқыс әрекет күтпедім,- дейді. Бейнежазбада анықталған бойда бірден полицияға арызданған.

Жанар САДЫҚОВА, ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Оның баланы ұрғанын бұған дейін көрген жоқпыз. Жұмысқа кірерде бұрын сотталмағандығы жөнінде, психдиспансерден анықтамалар алып келді. Бір адамның әрекеті үшін орталықтың жұмысын жоққа шығаруға болмайды. Бұған дейін бір де бір ата-ана шағымданынп көрген жоқ. Мен өзім аутист баланың анасы болғандықтан болашақта ондай жағдайдың қайталанғанын қаламаймын. Мен ата-аналардан кешірім сұраймын. Біз бір айлық жазбадын қарап отырып, үш жағдайды анықтадық.

Видеодағы 25 жастағы АВА терапевт маманның да өз айтары бар. Баланың денесін көгерткен мен емес,- дейді. Ал маман ретінде дамуында тежеуі бар балалар көнбей, қарсыласқан кезде осылай жөнге салуды алғаш қызмет еткен орталықтан үйренгенін айтты.

Видеодағы әрекетті жасайтын терапевт жалғыз мен емес. Неге басшылық өзге мамандардың бейнекамерасын қарамайды? Әлеуметтік желіге салған орталық қызметкері түзетудің барлық әдістерінен хабардар. Өйткені оның баласы көнбей төбелесті. Осының бәрін өз көзімен көрді. Бұған дейін оған еш мән бермей келді. Менің ойымша, ол мені жақтырмағандықтан осылай істеп отыр. Оның үстіне маған бала көнбей қарсылық танытып, төбелескен жағдайда, қайтарым ретінде қағып қалуға рұқсат берілді.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған фактіге қатысты қазіргі таңда сот медициналық сараптама тағайындалды жәбірленуші балаға. Және қазіргі таңда тәрбиешіледен, сондай-ақ куәгерлерден және де тәрбиенеуші баланың заңды өкілерінен жауаптар алынуда. Сондай- ақ Қк 140- бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір қызығы, аймақта мұндай жеке орталықтардың жұмысы ешбір мемлекеттік органмен қадағаланбайтыны белгілі болды. Білім басқармасы да, денсаулық сақтау басқармасы да тежеуі бар балаларды дамытуға арналған жеке балабақшаның жұмысына араласпайтын көрінеді.

Б. Надірқызы