Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Алматы қаласында екі мектеп пайдалануға берілді

AstanaTV
28.11.2022ж. 20:00
1635
Алматы қаласында екі мектеп пайдалануға берілді

Алматы қаласында Алатау мен Наурызбай аудандарында екі мектеп пайдалануға берілді. Білім нысаны жаңа стандарттарға сай, заманауи сәулетімен, кең сыныптары және қоғамдық кеңістігі бар интерьерімен ерекшеленеді. Кабинеттер интерактивті панельмен, SMART тақталармен жабдықталған. Алдағы уақытта Face ID қауіпсіздік жүйесі енгізілмек. Бұл технология арқылы ата-аналар балаларының барып-келуін қадағалай алады.

Ләззат ЖЫЛҚЫБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ НЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі ашылып отырған 209 мектепке бүгіннің өзінде 2800 бала келіп отыр. Алматы қаласында қазіргі уақытта 210 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді және оқуша орынынң тапшылығы 29 мыңнан астамды құрайды. Ал бүгінгі ашылып отырған екі мектеп, бір аусымда үш мың балаға орын құрастырып отыр. Жалпы әкімдіктің қолдаумен Алматы қаласында мектеп салу қарқынды жүріп жатыр.