Елорда маңындағы Қараөткел ауылында мәселе жетерлік. Мал жаятын жер жоқ, жарық жайы мәз емес, дейді тұрғындар. Бұларды әкімдікке талай айтқанымен, нәтиже шықпапты. Сондықтан бізге хабарласып, көмек сұрады. Әкімді де шақырып, түйткілдерін тағы жеткізді. Тараптарды тілшіміз Әсел Дүкембаева тыңдады.
Астана іргесіндегі ондаған елдімекен Ақмола облысына қарайды. Бас қалаға тиіп тұрса да, мұнда көп мәселе шешімін таппаған. Қараөткелдіктерді жол, жарық пен жер мәселесі алаңдатады.
Дәулет ҚАЙСЕНБАЕВ, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мына депутаттарға шенділерге жердің бәрін сатып жіберген меншік иесі қылып. Сол жерді бөліп-бөліп қарапайым халыққа сатып жатыр 10 соттықтан. Қарапайым халық тағы да сорлап отыр.
Тұрғындардың айтуынша, мұнда бұрынғыдай екі мың адам тұрмайды. Халықтың саны жыл санап артып келеді. Алайда, оны ескеріп жатқан әкімдік жоқ. Керісінше ауыл әкімі жерді сатып жіберген дейді.
Мал шаруашылығының жерін 1 гектарын 8 мыңнан сатып алған. Ал мен сол жақта тұрғын кезде, баяғыдан бері 1 га емес 10 соток жерін ең арзан жері 2 млн.
Жұртты жол мәселесі де титықтатқан. Көшелер ойдым-ойдым, шұрық-тесік. Кейбіріне тіпті тас та төселмеген.
Әлімбек БЕКТЕМІРОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ЖЕР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
2023 жылға дейін ақшаның бөлінгеніне қарай келесі жылы толық бітіріп береді. Ақшаның бөлінгеніне қарай. Бөлінбесе бергеніне жасап береміз.
Ауыл тұрғындары ауыл және аудан әкімшілігіне талай рет шағымданған. Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеевтің де қабылдауында болған. Бірақ, жергілікті мәселені жергілікті әкімдік шешеді депті. Ал ауыл әкімі тұрғындар көтерген мәселенің бір де біреуіне нақты жауап бере алмайды.
Азамат МУКУШЕВ, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ:
Зираттың қасындағы жаңа мына кісі көрсетіп жатқан жерлерді красный линия Қазақтелеком өтіп жатыр. Сосын жасыл аймақтың насаждениесы бар. Ол бір охранный зона. Ол жер беруге келмейді.
Аудан әкімдігінің өкілі сатылып кеткен жер қайтарылады деді. Қалған мәселелер де кезең-кезеңімен шешімін таппақ.
Ә. Дүкембаева