Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қарағанды облысының Ақтау кентінде құбыр жарылып, үйлерді су басты

AstanaTV
29.11.2022ж. 20:00
1486
Қарағанды облысының Ақтау кентінде құбыр жарылып, үйлерді су басты

Қарағанды облысының Ақтау кентінде құбыр жарылып, үйлерге су кірген. Аулалармен қоса үйдің іші де мұз айдынына айналған. Ал жауапты мекеме үш күннен бері қимылдамай отыр, - дейді тұрғындар.

Максура ТУСЛАН, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АҚТАУ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үй жарамсыз, міне, үйдің ішіне дейін су кірген. Енді сыртқа алаңға шығып көріңіздер міне, іргеден бастап су үйге кіріп жатыр. Үй жарамсыз болып қалды.Пятница күннен бастап айтылған әкімдікке әлі шара қолданған жоқ.

Тұрғындардың айтуынша, Чайковский көшесіндегі құбыр жұма күні жарылғанымен суға жауапты мекеме мен жергілікті әкімдік оны тоқтатпаған. Салдарынан су 40 градус аязда үйлерге кіре бастаған. Үйлердің іші мұз аралас селге айналып, қабырғалар қырауланып қалды. Жұрт онсыз да ескі үйіміз құлап қала ма деп қорқады. Ал жергілікті билік өкілдері жағдай қалыпқа келтіріліп жатқанын жееткізді.

Әнуарбек БАХРИДЕНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АҚТАУ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:

Бұл көшеде орталықтандырылған су құбыры жоқ.Тұрғындар су құбырын өз еріктерімен қарсы көшеден тартып алған. Осы апатты жою үшін жер қазу жұмыстарын жүргізуге тұрғындар қарсы. Сондықтан басқа әдіс қарастырылды. Су тоқтатылды. Тұрғындарға су жеткізіліп жатыр.

А. Қуаш