Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Еріктілер елорда тұрғындарына ыстық шай таратты

AstanaTV
29.11.2022ж. 20:00
1770
Еріктілер елорда тұрғындарына ыстық шай таратты

Сарышұнақ аязға қарамастан елордалық еріктілер қала көшелеріне шығып, тұрғындарға ыстық шай таратты. Негізінен таңертеңнен кешке дейін бел жазбай еңбек етіп жүрген коммуналдық қызметкерлерді қамтуға тырысты. Қала тұрғындары мұны қалай қабылдады?

Күн суық. Ал мына жастар жұртшылыққа жылулық сыйлап жүр. «Астана жастары» еріктілері көшеге шығып, тұрғындарға ыстық шай ұсынды. Көпшілік таңырқамады. Шай ішіп, бойларын жылытты. Алғыстарын айтты. Жастар 300 адамды қамтуды мақсат етіпті.

Жангүл АБЗАЛҚЫЗЫ, «АСТАНА ЖАСТАРЫ» ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

Негізі бұл акцияның мақсаты – тек қана қала тұрғындары мен қонақтарын, сонымен қатар, әсіресе, коммуналдық қызмет жұмыскерлерін шаймен қамтамасыз ғана емес, сонымен қатар, оларға көңіл бөле отырып, тек қана бойларын емес, жүректерін де жылыту болып табылады.

Еріктілер қаланың төрт ауданын түгел аралады. Әсіресе, таңнан кешке дейін бас қаланың тазалығына жауапты коммуналдық саланың қызметкерлеріне басымдық берді. Бір сәт болса да бойларын жылытып, серпіліп қалды.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Көңіл-күйіміз жақсы, балам. Осылай шай ішіп тұрсақ, күн суықта бізге жұмысымыз ауыр болып жатыр.

-Таңертең шығып жұмыс істейміз, рақмет ыстық шайларыңызға. Алладан қайтсын.

-Істеріңізге сәттілік! Әрине, приятно!

Еріктілердің айтуынша, акция бір реттік емес. Суық күндері қала тұрғындарына жылулық сыйлауды жалғастыра бермек.

А. Серік