$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада 180-нен астам жылы аялдама бар

AstanaTV
29.11.2022ж. 20:00
1448
Астанада 180-нен астам жылы аялдама бар

Сондай-ақ Астанада 30 градус аяздан қорғайтын аялдамалар бар. Көшелерге 180-нен астам жылы аялдама орнатылған. Тек орталық емес, шаһардың шет аудандары да назардан тыс қалмаған.

Кешкі қарбалас. Балалар мектептен, ал ересектер жұмыстан үйге қайтады. Жел -Астана үшін қалыпты жағдай. Ал мынау жылы аялдама суықта қорған болады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Шынымен, өте жақсы. Олар шын мәнінде құтқарады, өйткені қазір көшеде жел соғып тұр, ал мұнда -жылы.

- Күн сайын - жұмыстан үйге, үйден жұмысқа шыққанда осында болам.

- Мен күн сайын жылынып алам. Шынымен суықтан қорғайды.

Сарыарқа - халық ең тығыз қоныстанған аудан. Бұл жерде жылы аялдамаларға деген қажеттілік байқалады. Қазір аумақта елуге жуық адам бар. Павильондардың күтімі мен тазалығы үнемі бақылауда.

Әділжан САҒЫНДЫҚОВ, «САРЫАРҚА» АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Біз екі ауысымда тазалаймыз - түнде және күндіз. Негізгі екпін тұрғындардың күндізгі уақытта күтуіне кедергі келтірмеу үшін, сондай-ақ олардың таңертеңгі уақытта жайлы болуы үшін тазалау жұмыстары түнде жасалады.

Байқорңыр ауданы бойынша жыл соңына дейін тағы 5 жаңа жылы аялдама іске қосылады. Аялдаманың қай жерге орнатылатыны сұраныс пен қажеттілікке байланысты болмақ.

Тоқтар ХАСЕНОВ, «БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Мұнда жолаушылар ағыны бірінші фактор болып табылады. Екінші фактор - бұл қала орталығынан қашықтығы мен желдің өтіне байланысты.

Қала басшылығы күн сайын әлеуметтік желілерде және iKomek қызметі арқылы тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстарын бақылайды. Тұрғындардың талап тілегіне назар аударады.

Р. Бақытжанқызы