Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Цифрлы валюта банкноттар орнын басуы мүмкін

AstanaTV
29.11.2022ж. 20:00
1016
Цифрлы валюта банкноттар орнын басуы мүмкін

Цифрлы валюта банкноттар орнын басуы мүмкін. Мұны Ұлттық банк мәлімдеді. Күн санап электронды қаржыны қолданушылар қатары көбейіп келеді. Қағаз ақша қолданыстан шыға ма? Тілшіміз анықтап көрді.

Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Менің қағаз ақша ұстамай жүргеніме 1 жылдан асты. Көлікке мінсем де, дүкенге барсам да банктің қосымшасы арқылы төлем жасаймын. Ал сіздер ше? Қазір жұрттан сұрап көрейік:

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Ақшалай төлегенше кюармен оңай ғой.

- Басасың кнопкаларын и сразу ыңғайлы. Қазір менде ақша жоқ. Тек каспиде.

- Налично. Черный списоктамыз.

- Бірақ, минус кейде сеть ұстамай қалады.

- Кюарда тура бір ақшаң жоқ сияқты. Оның ешқандай құнын білмейсің. Ал егер адамның кошелегында ақша жүрсе, өзін бай сезінеді. Азайып қалмасыншы, үстіне түсіп тұрсыншы деген желание пайда болады. Негізінде ақшаны құнсыздандырмау керек.

Жыл басынан бері қазақстандықтар банк карталарынан 16 триллион теңге қаржы шешкен. Яғни, бұл жеке шоттарына түскен ақшаның 18 проценті. Банкнотты Алматы қаласының тұрғындары ең көп қолданады (3,8 трлн). Одан кейін астаналықтар (1,9 трлн) мен шымкенттіктер (1 трлн) тұр.

Ұлттық банк өкілдері де қолма-қол төлемнің азайғанын растап отыр. Бірақ банкнот маңыздылығын жоғалтпайды дейді.

Қазақстан Ұлттық Банкі:

Банкноттар мен монеталардың қажетті көлемін дайындай береміз. Әлемде цифрлы валютаның іске асыру жұмыстары қызу талқылануда. Өткен жылы Қазақстан цифрлы теңгенің прототипін құрастырды. Тарнсшекаралық төлем жасаудың киберқауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Жобаның бірінші сатысы 2021 жылы іске асты. Цифрлық валютаны енгізу қажеттілігі туралы түпкілікті шешім технологиялық, әдіснамалық аспектілердің нәтижесі бойынша қабылданады.

Ал сарапшылар қазақстандықтардың бірыңғай төлем платформасына көшкені әлде қайда тиімдірек деп отыр. Ел экономикасын көтеруге болады. Бұл ретте Қытай тәжірибесіне сүйену керек деген пікірде.

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

Жеке тұлғаларға да өте тиімді. Қазақстанда қазіргі уақытта 80 проценттен асып отыр екен. Электронды төлемдердің, цифрлық ақшалардың үлесі. Қытай мемлекеті өздерінің «вешат» арнайы төлем платформалары бар. Сол арқылы жалпы Қытай халқының 100% дейінгі төлемдерінің электронды жүйеге ауыстыруға талпынып жатқандығы белгілі. Біз 100% электронды ақшаға өтіп кетпесек те, 85-90 %-ға дейін халықтың электронды төлемдерге ауысу ықтималдығы бар.

Электронды ақша бірінші кезекте мемлекет үшін тиімді. Заңды және жеке тұлғалардың кірісі мен шығысын бақылайды. Салық түсімдерін де тексере алады. Кәсібінен түскен табысын жасыра алмайды. Екінші деңгейлі банктер де ұтылмайды. Бұл деген сөз толыққанды қағаз ақшалардың жойылып кетуі деген сөз емес.

Р. Бақытжанқызы