$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Шымкентте жасыл желектер ұрланып жатыр

AstanaTV
12.04.2016ж. 20:00
2234
Шымкентте жасыл желектер ұрланып жатыр

Шымкентте көшеге отырғызылған жасыл желектердің ұрлануы жиілеген. Бір ғана этно саябақтың өзінде бір түнде құны 240 мың теңге тұратын төрт арша қолды болды. Мәңгілік жасыл ағаш көшеттерін әлдекімдер түп тамырымен суырып әкеткен. Демалыс орнының қызметкерлері полицияға шағымданған.

Сала жауаптыларының айтуынша, негізінен құны едәуір қымбат тұратын, сәндік үшін отырғызылған көшеттер ұрланып жатыр. Әрбір аршаның құны - 60 мың теңге. "Ұрлықтың мұндай түрі соңғы бір айда өршіп кетті",- дейді әкімдіктегілер. Жасыл желекке қырғидай тигендер жаңа әкімшілік іскерлік орталығынан екі боз аршаны қолды қылса, кісі аяғы үзілмейтін «Жеңіс» саябағынан сәндік мақсатта отырғызылған үш ақ қайың мен бұта тектес зерек ағаштарын тамырымен жұлып әкеткен.

Нұрлан Бектұрсынов, Шымкент қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Қазіргі таңда келіп жатқан шығын - 390 мың теңге. Осы фактілерді азайту мақсатында, біз ойлаймыз, халықтың арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек және де бейнебақылау камераларды орнатып және күзету жұмыстарын күшейту керек. Осындай хатпен біз қазір қала бойынша бейнебақылау камералардың санын көбейту бойынша облыстық Ішкі істер департаментіне шықтық.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД  мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда осы шырша ұрлау жәйттарына байланысты үш  факт тіркеліп отыр. Осы жәйттарға байланысты ҚР ҚК  188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол «ұрлық». Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізіп жатыр. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ