$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«Самал» ТК тұрғындары кондоминиум нысандарының сатылып кеткеніне наразы

AstanaTV
12.04.2016ж. 20:00
1587
«Самал» ТК тұрғындары кондоминиум нысандарының сатылып кеткеніне наразы

Астанада элиталы аудан тұрғындары дау шығарды. Пәтер иелері өздеріне тиесілі жертөлелер қолды болып кеткенін айтады. Тұрғындардың айтуынша, Самал ауданында орналасқан кондоминиум нысандарын тұрғын үй кешеніне қызмет көрсеткен серіктестік сатып жіберген. Жиналған жұрт аталған «Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2 жылдың ішінде 6 нысанды 94 миллион теңгеге сатқанын мәлімдеді. Ал пәтер иелері олардан ешкім рұқсат сұрамағанын айтты. Енді тұрғындар құзырлы органдардан көмек сұрап отыр.

Асият Сыздықова, «Самал» ТК тұрғыны:

Біз «Самал» тұрғын кешеніндегі төменгі қабаттардың сатылып кетуі қаншалықты заңды екенін тексеруді сұраймыз. Бұл пәтер иелеріне ортақ нысандар болғандықтан, еш рұқсатсыз қолды қылғандар жауапқа тартылсын. Жертөлелерді жекенің қолына берген серіктестік әкімдікке тиесілі екенін ескеруіміз керек.

Қазір тұрғын үй кешеніне қызмет көрсеткен бұрынғы серіктестік кетіп қалған. Оның орнына «Самал-Астана» атты кәсіпорын келіпті. Оның өзін тұрғындар таңдамағандарын жеткізді. Кондоминимум нысандары қазіргі күні кімге тиесілі екені білу үшін адамдар сол аудандағы жертөледе орналасқан серіктестікке барды. Бірақ, компания басшылығы өздері жертөле жалдап отырғанын жеткізді.

Қанат Топаев, «Самал-Астана» ЖШС директоры:

Бұл жекеменшік нысан. Біз бұл жерді жалға алып отырмыз. Иесі - жеке тұлға. Оның есімі құжаттарда көрсетілген. Ал, оның осы жертөлені қалай сатып алғанын мен айта алмаймын.

Берік ХАСЕНОВ