Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Рудный қаласында жылу құбыры жарылды

AstanaTV
30.11.2022ж. 20:00
1083
Рудный қаласында жылу құбыры жарылды

Қыстың қытымырында Рудный қаласындағы жылу құбыры жарылды. Отыз үш көпқабатты үй мен оннан астам жеке сектордағы баспана жылусыз қалған. Қазір жағдайды қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Костина АНТОНИНА, РУДНЫЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің үйімізде жылу онсыз да мардымсыз еді. Бүгін қалада құбыр жарылып, біз тіпті жылусыз қалдық. Ыстық су да жоқ. Негізі жылу мәселесі бізде өте өзекті. Пәтерімізде тек балалар бөлмесі мен асхана ғана жылиды. Қалған бөлмелерде бүрсеңдеп жүреміз. Құбырларды жаңарттық, сантехникті де өзгерттік. Бәрібір мәселе шешілер емес.

Ал құзырлылар барлық үйде ыстық су айналымы бар дейді. Құбырдың жарылған тұсы да анықталған. Үйлер мен кейбір әлеуметтік нысандар жылусыз қалған жоқ, ыстық су айналымымен тұрақты температура ұсталып тұр дейді қала басшылығы.

Азамат ЫСҚАҚОВ, РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда үйлердің бәрінде ыстық су айналымы бар. Құбырдың жарылған жері анықталып. Қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жылу режимі бұзылған жоқ.

З. Санай