$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Зейнетақы жинағын шешуге арналған жеткілікті шегі артты

AstanaTV
30.11.2022ж. 20:00
2788
Зейнетақы жинағын шешуге арналған жеткілікті шегі артты

Зейнетақы жинағынан артылған соманы шешіп алу мүмкін болмай барады. 2023 жылғы жеткілікті шегі тағы артты. Бұл өзгеріс елдегі әлеуметтік көрсеткіштер мәнінің ұлғаюымен байланысты дейді жинақтаушы қор мамандары.

Бұған дейін зейнетақы қорының жеткілікті шегіне қол жеткізген қазақстандықтар денсаулықтарын жақсартып, тұрғын үй алып, ауыртпалық түсіретін ипотекалық қарызын жапқан. Алайда, бұл мүмкіндік енді қол жетімсіз.

БЛИЦ:

- Ешкім жетісіп жүрген жоқ қазір. Халықты қандай жағдайда қинай береді, қинай береді.

- Бұрынғы қалпында беру керек еді жинаған ақшаларын. Бәлен жыл істеді, еңбектері бар халықтың.

- Беру керек. Көбі даже пенсияға дейін жетпейді ғой. Ол ақша қалады. Қазір көбінде кредиттер, ипотека, даже емделгенге сол ақшаны или балаларына оқуына.

Күні кеше еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету мәселесін жұмыс тобы қарайтынын айтқан еді.

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Бұл мәселе бойынша қазір біздің министрлік Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігімен бірге жұмыс істеп жатыр. Қаражатты халық емделуге және баспана жағдайын жақсартуға пайдалана алды. Бұл формула әлі жұмыс істеп тұр. Тек пайдалану шегі көтерілді. Мен депуттар мен халық тарапынан айтылған ұсыныстарды естідім. Сондықтан біз мұны жұмыс тобында қараймыз.

Бірақ, қарап үлгермей қалған сияқты.... Бүгін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры шекті соманың келер жылдан бастап тағы өсетінін хабарлады. Кейбір жас аралықтары үшін бірден 770 мың теңгеге артқан.

Азат САПИН, "БЖЗҚ" АҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

2023 жылға белгіленген ТЖШ жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды. Кейбір шекті мәндердің өзгеруі оларды есептеу кезінде жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштердің ескерілуімен түсіндіріледі.

1 қаңтардан бастап күшіне енетін заң бойынша 25 жастағы қазақстандықтың зейнетақы шотында кемінде 3 миллион 890 мың, ал 40 жастағы азаматта 6 миллион 100 мың теңге болуы қажет. Ал 50-ден сәл асқандар үшін жинақ мөлшері 8 миллионнан асуы шарт. Осылайша, зейнетке шыққанға дейін жеткіліктілік шегі - 10 миллионға жетеді.

А. Базарбай