Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда жоғалып кеткен бойжеткен табылды

AstanaTV
03.08.2016ж. 20:00
2945
Алматыда жоғалып кеткен бойжеткен табылды

Алматыда жоғалып кеткен бойжеткен табылды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек телефон арқылы мәлімдеді. Айта кетейік, 18 жастағы Жұлдыз Ерманованың жоғалғаны туралы ақпар құқық қорғаушыларға бірінші тамыз күні түскен. Іле шала қызды іздеу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылады. Тәртіп сақшыларының шұғыл жұмыстары нәтижесінде 18 жастағы қыздың қайда екендігі анықталды. Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасының өкілдері бойжеткеннен жауап алып, істің мән-жайын анықтауға кіріскен.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі:

Қазіргі таңда өз ата - анасына қайтарылды. Сұрақ - жауап алу барысында бойжеткен үйінен өз еркімен кеттім деп, түсінік беруде. Қазіргі кезде осы іске себепкер болған басқа да мән - жайлар анықталатын болады. 

Айгүл ЕРМАХАН