Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Рио-де-Жанейродағы қауіпсіздікті қадағалауға 9 мыңдай полицей тартылып отыр

AstanaTV
03.08.2016ж. 20:00
2332
Рио-де-Жанейродағы қауіпсіздікті қадағалауға 9 мыңдай полицей тартылып отыр

Рио-де-Жанейродағы қауіпсіздікті қадағалауға 9 мыңдай полицей тартылып отыр. Олимпиада ойындары кезінде Бразилияға шамамен жарты млн турист келеді деп жоспарланған. 4 жылда бір ақ рет келетін спорттық ойындарды тамашалауға құмар жандарды тіпті «зика» вирусы да тоқтатар емес. Сондай-ақ оларға Латын Америкасы мемлекетінде криминалдың жиі кездесетіні де кедергі болмайтын тәрізді. Апта басынан-ақ Бразилияға келіп алған саяхатшылар қатары тым қалың.

Десе де Бразилия билігі туристерге сақ болуға кеңес береді. Олардың мәліметіне сүйенсек, қонақтар улы масалардан қорғану үшін қымтанып киініп жүргені жөн. Ал қаладағы ұры-қары көп жүретін аудандарға шықпағандары дұрыс. Сондай-ақ, бүгін 2016 жылғы Олимпиада ойындарының басты алауын кімнің жағатыны белгілі болды. Мұндай мәртебеге осы елдің мақтанышы, футбол жұлдызы - Пеле ие болмақ. Алайда, әзірге аяқ допшының өзі бұған келісімін бере қоймаған көрінеді. 

Құралай ПИОНЕР