$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда Жайық өзенінде серуендеп жүрген ер адам суға батып кетті

AstanaTV
05.12.2022ж. 20:00
2674
Атырауда Жайық өзенінде серуендеп жүрген ер адам суға батып кетті

Атырауда ер адам Жайық өзені үстінде жүргенде мұз ойылып, батып кетті. Абырой болғанда, қасындағы 10 жасар немересін куәгерлер құтқарып қалған. Қайғылы оқиға Жұмыскер ауылы тұсында болды. Құтқарушылар 72 жастағы азаматтың денесін судан шығарып алды. Төтеншеліктер мұз әлі толық қатпағынын айтып, қанша ескерткенмен, құлақ асып жатқандар жоқ,- деп дабыл қағып отыр.

Бахыт АБЛАНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, биыл 11 адам мұз астына түсіп, қайтыс болды. Атырау облысында қыс мезгілінде 3 адам суға кетті. Қазір профилактика жұмыстарына департаменттен 90-нан астам адам, жергілікті атқарушы орган мен полиция қызметкер , сондай ақ ұлттық гвардия күші жұмылдырылуда. Бұдан өзге демалыс күндері еріктілер де көмекке келеді. Қазір мұздың қалыңдығы 15 см, кей жерлерде мұнан да жұқа. Сондықтан абай болған жөн.

Ал екі күн бұрын 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбай өзенге суға батып бара жатқан 14 және 9 жастағы екі досын құтқарып қалды. 3 жасөспірім ойнап жүргенде мұз ойылып , екі бала суға түсіп кеткен. Оқиға жағадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Дінмұхамед дереу достарын құтқаруға ұмтылған. 3-сынып оқушысының бұл батыл әрекетіне алғыс айту үшін ол оқитын №3 мектепке полицейлер келді. Салтанатты жиында алғыс хат пен ескерткіш сағат сыйға тартты. Ал батыр бала болашақта құтқарушы боламын,- дейді.

Дінмұхаммед ЖАҢБЫРБАЙ, 3-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Оларды бар ойым миымда тек құтқару ғана болды. Сондықтан оларды құтқаруға тырыстым. Бірақ олардың ауырлығы сонша мен оларды таяқпен мықтылап тұрып шығардым. Бірақ олар батайын деп тұрған кезде бар күшімді жұмсадым да оларды шығардым.

Б. Надірқызы