Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Жыл волонтеры» премиясының жеңімпазы анықталды

AstanaTV
05.12.2022ж. 20:00
1001
«Жыл волонтеры» премиясының жеңімпазы анықталды

Бүгін халықаралық еріктілер күнінде елордада «Жыл волонтеры» премиясының жеңімпаздары анықталды. Бұл сыйлық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жылы тағайындалған болатын. Ол әлеуметтік бағыттағы қоғамға пайдалы мәселелерді шешуге үлес қосқан еріктілерге беріледі. Биыл 42 волонтер мен волонтерлік ұйым жеңімпаз атануға үміткер болды. Еліміз соңғы екі жылда Арыстағы қайғылы оқиға, Мақтааралдағы су тасқыны, Әулиекөл ауданындағы өрт және Екібастұздағы төтенше жағдай сияқты көптеген сынақтарды бастан өткерді. Қоғамда күні-түні, жан-тәнімен жұмыс істейтін қамқор жандар жетерлік. Шарада үздіктер марапат төрінен көрінді.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

«Еріктілердің еңбегін бағалау өте қиын. Жеке мен үшін волонтерлік– нағыз патриотизмнің көрінісі. Мен өз тарапымнан «АМАНАТ» партиясы еріктілер қозғалысын қолдайды және алдағы уақытта да қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп сендіре аламын».

Олжас МАМЫР, ЕРІКТІ:

2019-2020 жылдары өте қиын жағдай болды. Төтенше жағдай, Арыс, Мақтарал. Біз үшін еріктілер үшін үлкен мектеп болды. Сол кезде еріктілер Сол кезде біз еріктілер Арыс қаласында 2 айдай, Мақтарал ауданында 1 айдай жұмыс атқарған болатынбыз. Одан кейін Қазығұрт ауданында су тапшылығы. Маңғыстаудағы құрғақшылық кесірінен көмек берген болатынбыз.

А. Серік