Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ерлан Қошанов ҰҚШҰ елдеріне терроризмге қарсы іс-қимыл туралы модельдік заң қабылдауды ұсынды

AstanaTV
05.12.2022ж. 20:00
1712
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ елдеріне терроризмге қарсы іс-қимыл туралы модельдік заң қабылдауды ұсынды

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» жаңа модельдік заң әзірлеуді ұсынды. Бұл туралы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Мәскеуде өткен ұйымның Парламенттік Ассамблеясының кезекті отырысында айтты. Себебі қазір өңірлерде тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін түрлі қауіп-қатерлер мен қақтығыстар өзекті болып отыр. Сондықтан бұл мәселені заңмен реттеу қажет екенін айтып, модельдік заң әзірлеуді ұсынды.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Терроризм қауіпсіздік пен тұрақтылыққа үлкен қауіп төндіреді. Ол заңсыз көші-қонның, трансшекаралық қылмыстың, заңсыз қару-жарақ пен есірткі тасымалының артуына ықпал етеді. Бізге осы сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұрудың нақты құқықтық тетіктерін қалыптастыратын ҰҚШҰ елдерінің модельдік заңнамасының сапалы базасын қамтамасыз ету керек.

Б. Сатуов