Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында 107 жылқы суға батып кетті. Мал мұзға түсіп, арам қатқан. Үйір жылқы қараша айында жоғалып кеткен. Содан бері тұрғындар оны жан-жақтан іздеп, полицейлерге шағымданған. Артынша аттар Барчи көлінен табылды. Бұл-өлген мал 42 адамға тиесілі. Қазір аталмыш іске қатысты тергеу жүріп жатыр.
Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:
Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Кейін мұз жарылып, суға батып кеткен. Аталған факті бойынша Айыртау ауданының полиция бөліміне арыздар келіп түспеді. Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде, өлген жануарлардың нақты саны анықталуда.
А. Құрманкин