Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Биылдан бастап ит пен мысықтың мойнына чип орнатылады

AstanaTV
06.12.2022ж. 20:00
2098
Биылдан бастап ит пен мысықтың мойнына чип орнатылады

Елімізде жыл басынан бері 44 мыңға жуық адам жануарлардан жарақат алған. Көбі ит пен мысықтан зардап шегеді дейді мамандар. Төрт түліктен де қауіп бар. Толығырақ Рабиға Бақытжанқызы айтады.

Бір ғана Түркістан облысында 6 мыңға жуық адамды ит қапқан. Бұл тек дәрігерге жүгінгендері ғана. Сондай-ақ, мысық пен кеміргіштерден зардап шеккендер бар. Қорадағы төрт түліктен де қауіп көп.

Жанат ЖАМАЛБЕКОВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Әсіресе мынау жоғары жақ қол, бас маңайына жарақат алса немесе сілекейленген жағдайда жарақаттың, трешинаның үстіне сілекей жағылса, ол құтырма ауру қаупі бар. Негізі сақтану үшін, есепке қойып, олардың вакциналық паспорты болғаны дұрыс. Үйдегі бүкіл үй жануарларын қой, сиыр, мысық, иттен бастап біз вакцина жасатуымыз керек.

Құтырма ауруы жазылмайды. Оның соңы тек өлімге алып келеді дейді мамандар. Ал оған жол бермеу үшін үй жануарларына жаппай егпе салдыру қажет. Алайда, жануарына денсаулық паспортын алмақ түгілі, далаға тастайтындар көбейген. Астанада жыл басынан бері 4 мың қаңғыбас ит, 1500 қараусыз қалған жабайы мысық ауланған. Жануарлар панасында орын жетпей жатыр.

Алмас ТҰРЫМБЕТОВ, «АСТАНА ВЕТСЕРВИС» КММ ЖАБАЙЫ ЖӘНЕ ҚАҢҒЫБАС ЖАНУАРЛАРДЫ АУЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП БАҒУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қала аумағынан орта есеппен күніне 30-35 ит күніне келеді. 15 шақты мысық алынып келеді. +Артты деп айта аламыз. Себебі жыл өткен сайын саяжай аймақтары түсіріліп жатыр. Одан қалған ит мысықтар қала аумағына өріп жатыр. Сондықтан былтырғымен салыстырғанда 10-20% артты.

Жалпы еліміздің барлық аймағы аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймаққа кіреді. Ал, құтырма ауруының қаупі жоғары аймақтар қатарында Түркістан, Батыс, Шығыс және Алматы облыстары жатады.

Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Биыл Елордада пилоттық бағдарлама іске қосылмақ. Әрбіт ит пен мысықтың мойнына, еті мен терісінің ортасына арнайы чип қойылады. Ол чипте жануардың денсаулығына қатысты барлық ақпаратты көруге болады. Егесі де сонда көрсетіледі. Егер ит қараусыз қалып, адамды қапқан жағдайда, оның иесін әкімшілік жауапкершілікке тартуға болады. Бағдарлама оң нәтиже берсе, еліміздің барлық аймағына осы жүйе енгізулі мүмкін.

Р. Бақытжанқызы