Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мектеп аспаздары жалақыларын ала алмай жүр

AstanaTV
06.12.2022ж. 20:00
1675
Мектеп аспаздары жалақыларын ала алмай жүр

Ақмола облысы Аршалы ауданындағы мектептің аспаздары екі айдан бері жалақы ала алмай жүр. Жұмыс беруші күнде "ертең беремін" дейтін көрінеді. Ауылдағы мектеп оқушылары қандай тамақ ішіп жүр? Мемлекеттен бөлінген бюджеттің қаражатын жеке кәсіпкер қайда жаратқан?

Айгүл Мұқанова өзі қызмет еткен мекеменің басшылығы әртүрлі сылтаумен күнде ертеңмен бізді тойдырып келеді, дейді. Тіпті аспаздарға еңбек шартын да қолдарына ұстатпаған. Несие мен балабақшаның ақшасын төлейін десем, айлығымызды созып жүр, дейді.

Айгүл МҰҚАНОВА, ЖАЛТЫРКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы асхананы жалға алып отырған кісі, айлығымызды береміз деп уәде етіп еді. Айлығымызды кешіктіріп бермей қойды. Ал енді қазан келді, қараша айы аяқталды. желтоқсан басталды ғой. Біз ол кісіден звондап сұрағанда айлық қайда деп сұрағанда оның счеты блокта жатыр деді.

Мектеп оқушылары тамақ ішетін асхананың былығы көп. Айгүл Мұқанованың айтуынша, тамаққа қажетті азық-түлікті өздері алады екен. Оның қаржысын төлеймін деп келісім берген. Бірақ бұның бәрі сөз жүзінде дейді. Жұмыс беруші жеке кәсіпкер Санат Тұрлыбековке де хабарласып көрдік. Ол жалақыларын кешке дейін түсіремін деп уәде етті.

Санат ТҰРЛЫБЕКОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Айттым ғой бүгін 5-ке шейін түседі.

Ақмола облысының Аршалы ауданының басшылары бұл мәселеден де хабардар. Тұрлыбековпен де жеке сөйлесіп, уәдесін алған көрінеді. Өздері жеке кәсіпкерге қаржыны толық аударғандарын айтады.

Айболат ҚҰСАИНОВ, АРШАЛЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

Маған берген есеп бойынша, 1 сыныпты тамақтандыру бойынша-12 млн 896 950 мың теңге. Бұл аудан бойынша, қай жерде ол кісі тамақтандырады. Аз қамтылған отбасыларға онда міне 9 мектеп бар соған 22 млн 732 мың 430 теңге.

Аспаздардан білгеніміз, бюджет қаржысы дұрыс жаратылмай отыр. Бірінші сынып оқушылары мен аз қамтылған балаларға ыстық тамақ берілмейді. Аудандарғылар мәселені бақылауда ұстайтындықтарын айтты. Эфирге бейнематериалды әзірлеу барысында жеке кәсіпкердің аспаздарға қазан айының жалақысын аударғаны жөнінде ақпарат алдық. Ал қарашаның жалақасын қашанға дейін көтетіні әзірге белгісіз.

Ә. Дүкембаева