Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елімізде суицид фактілері көбейіп барады

AstanaTV
07.12.2022ж. 20:00
2344
Елімізде суицид фактілері көбейіп барады

Алматыда жұмысшы формасын киген жігіт асылып қалды. Ол хат жазып, қалдырып кеткен. Отыздағы орда бұзар жігіттің өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болды? Жалғыздық пен депрессияны жастар неге жеңе алмайды? Себебін әріптесім Дәрібек Бахытбекұлы іздеп көрді.

Дәрібек БАХЫТБЕКҰЛЫ, ТІЛШІ:

Сержан қайдасың? Үйдесің ба? Жоқ. Хаты несі. Қайда асықтың? Інім ау. Уф. Жүрегім тоқтап қала жаздады ғой. Қоштасу хаты емес екен.

Ал Алматыдағы отыз жастағы жігіт "хат жолдады да, асылып қалды". Оқиға шамамен кеше түскі үзіліс кезінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, 30 жас шамасындағы жігіт көк түсті жұмыс формасында болған. Асылып қалған жігіт солардың бірі болу мүмкін, дейді.

Еркінбек СЕРІКБАЕВ, КУӘГЕР:

Ол кісіні мен былай көргенмін өткенін, жұмысқа кетіп бара жатқанда. Содан кейін мен келе жатқанда көршім звондайды да, осы жерде бір адам асылып қалды деді. Сосын мен осындай-осындай кейімде ме деп айтып беріп едім, ол “иә, сол”- деді. Сосын келіп, өзім қарасам, сол кісі екен. Анау жерде трубалардың жанында, 50 метр жерде тұр, соны милициялар келіп шешті, сымға асылып қалған ғой.

Мамандар суицидтің көбеюіне отбасы мүшелерінің бір-бірімен жақын араласып, қамқорлық танытпауынан, дейді. Ата-анасы көңіл бөлмеген балалар көбінесе жалғызсырап, өздерін ешкімге қажетсіз сезінеді. Қажетсіздік сезімінен күйзеліске ұшырап, өмірлерін ойран етеді.

Айгүл ӘБЕТОВА, ПСИХОТЕРАПЕВТ ДӘРІГЕР:

Біздің елімізде осы суицид мәселесі бойынша бір негізгі кардинатр жоқ. Сондықтан бір кардинатр керек ол республика көлемінде жұмыс жасау керек.

Психологтардың айтуынша, суицидте көбіне жасөспірімдер жиі барады екен. Көпшілігі қиындықтан құтылудың жолын таба алмайды. Жақындарының мейірімі жетіспейді.

Алтыншаш МАТАЕВА, ПСИХОЛОГ:

Неге бала суицидке барады деген сұрақтар туындап жатады. Және де бала 12-13 жаста менде депрессия деп жүрсе, ертеңгі күні ол қыз бала қандай ана болады, ол жігіт қандай әке болады? Күйзелістерге қарсы болу, күйзлеістермен күресу, өзін-өзі қалыптастыра білуі, бұл дәл осы мәселе, жастардың бойында өте төменгі жағдайда деп айта аламын.

Қазақстан әлемде суицид жасау көрсеткіші бойынша 20-шы орында. Сенгің келмейді. Сондықтан жақынымыздан айырылып қалмас үшін сырласайық, қиындықтан алып шығайық.

Д. Онласын