Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Депутат Қазақстандағы бала саудасына қарсы күресудің жолын ұсынды

AstanaTV
07.12.2022ж. 20:00
1754
Депутат Қазақстандағы бала саудасына қарсы күресудің жолын ұсынды

Елімізде бала сататындар да , сатып алатындар да азаймай тұр. Мәжіліс депутаты бала саудасы проблемасын көтеріп, оны шешудің бірнеше жолын Үкімет басшысына ұсынды. Халық қалаулысы жаза қаншалықты қатаңдатылса да қылмыстық іс тоқтамай тұр дейді. Айтуынша, заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою үшін жаңа туған нәрестелерге Жеке сәйкестендіру нөмірін перзентханада беруді ұсынды. Бұл - баланың құжатын өзгертіп, екі адам арасындағы келісімшарттарды болдырмауға мүмкіндік береді, дейді.

Константин АВЕРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Перзентханада балаға Жеке сәйкестендіру нөмірін тағайындау туралы шешімді туғаннан кейін дереу қабылдау керек. Денсаулық сақтау, білім беру, әділет органдары арқылы туған баланы және олардың кейінгі өмірін тіркеудің кросс жүйесін біріктіру. 2015 жылдан бастап перзентханаларда туған нәрестелер санын, берілген туу туралы куәліктердің санын салыстыруды жүргізу. ЭКҰ бөлу, квота санын көбейту жұмыстарын қадағалау, Суррогат ана болу бойынша ЭКО бағдарламасына медициналық көрсеткіштері бар ерлі-зайыптылар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы керек.

А. Базарбай