$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жұмысқа орналасу үшін енді диплом жеткіліксіз

AstanaTV
07.12.2022ж. 20:00
4921
Жұмысқа орналасу үшін енді диплом жеткіліксіз

Диплом - біліктіліктің кепілі емес. Сондықтан енді, жұмысқа тұру үшін жоғарғы оқу орнын бітіру жеткіліксіз болуы мүмкін. Елімізде жұмыс күшінің дағдыларын арттыруға қатысты өзгерістер енгізілмек. Ол қандай өзгеріс екенін тілшіміз Әйгерім Пернебек толығырақ айтады.

Кез-келген жұмыс беруші алдымен тәжірибе сұрайды. Ал оқуды жаңа бітірген жаста ол қайдан болсын!

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Оқу бітірдім, дипломым бар, бірақ тәжірибе қажет. Біліктілігімді дәлелдеу үшін жұмыс берушілер бір жылдан аса еңбек өтілімін талап етеді. Дипломның қажеті бар ма? Оқу бітірген мамандар неге жұмыссыз жүр?

БЛИЦ:

- Дипломсыз жұмысқа тұруға болады. Бірақ диплом менің ойымша өте керек өткені, біздің Қазақстанға сауатты азаматтар керек.

- Дипломсыз менің ойымша болады, қазіргі керісінше ешкімге дипломның қажеті жоқ сияқты. Себебі менде 2 диплом, екеуінде де жұмыс істемедім. Екеуі де полкада жатыр.

- Жұмысқа тұру оңай емес деп ойлаймын, 3-4 жыл оқып, диплом алып болады енді, дипломсыз қиын жұмыс табу.

- Көбіне жастар өзінің ата-анасы үшін, көрсету үшін ғана оқуға түседі да. Олар өз мамандығын сүймейді. Ол мамандықты жақсы көрмегендіктен онда жұмыс істей алмайды.

Халықты жұмыспен қамту орталығының ақпаратынша, қазір Алматы қаласы бойынша 20.000-нан астам адам жұмыссыз. Оның 30-40%- жастар.

Төрежан ӨТЕГЕН, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ УАҚЫТША ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Өз мамандықтары бойынша бітірген азаматтардың қазіргі таҢда көбісі жұмыс іздеп жүр және жұмысқа тұра алмай жүр. Оның басты себебі жұмыс берушілердің тәжірибе, арнай опыт, квалификация сұрауы.

Қолында дипломы болса да, дәрмені жоқ жас маман, амал жоқ, басқа салаға кетіп жатады. Бұл мәселені шешу үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа сертификаттау жүйесін іске қоспақ. Кәсіби стандарттар мен талаптарға сәйкес, маманның еңбек дағдысы бағаланады.

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Бүгінгі таңда дипломның болуы біліктілік деңгейінің көрсеткіші емес екенін мойындауымыз керек. Сондықтан жұмыс берушілердің көбісі нақты жұмыс өтілінің болуын талап етеді. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болуда.

Қазір формалды емес білім алу бағыттары бойынша сұраныс жоғары. Бірнеше жыл емес, бір жарым ай ішінде мамандықты толықтай игеру үшін жастар арнайы курстардың көмегіне жүгінгенді жөн көреді.

Роза АЯПБЕРГЕНОВА, КУРС ТӘЛІМГЕРІ:

Жұмыс берушілер қазір өздері көбісі требовать етеді.Барып, курс өтіп келіңіз деп, өйткені ЖОО-да теоритический оқытады. Практиканы біле білмейді. Онлайн курстардың бір жақсы артықшылығы осы деп ойлаймын.

Елімізде кәсіптік біліктілік туралы заң қабылданса, қызметкердің нақты дағдысы мен құзыретін растайтын сертификат жұмысқа тұруда артықшылыққа айналады. Бұл талай жастың тұрақты табыс табуына жол ашпақ.

Ә. Пернебек