Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодарда қоғамдық көліктердегі жолақы қымбаттады

AstanaTV
04.08.2016ж. 20:00
2462
Павлодарда қоғамдық көліктердегі жолақы қымбаттады

Керекуде қоғамдық көліктердегі жол ақысы қымбаттады. Бұдан былай автобустар мен бағытты таксилер 70, ал трамвай 65 теңгемен қатынайды. Тасымалдаушылар бұған бірнеше фактор әсер еткенін айтады. Қосалқы бөлшектер мен жанармай құны өсуде. Коммуналдық тарифтердің көтерілуі, автопаркті жаңарту мен қызметкерлердің еңбекақысын көтеру де кезек күттірмейді.

Әуелде жолақыны 60 теңгеден 80 теңгеге бір-ақ көтеру ұсынылған. Алайда, мәслихат депутаттары тұрғындар пікірін ескере келе, 10 теңгелік өсімді қабылдап, дауыс берді. Бұл автобустар мен бағыттағы таксилерге қатысты. Ал трамвайдағы билет құны 5 теңгеге өсті. Жаңа жылдан соң қоғамдық көліктің бұл түрінде де тариф өзгеруі мүмкін. Айта кетсек, соңғы рет Павлодарда жолақы құны 2015 жылы көтерілген.

Марат Асылбеков, Павлодар қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

Жолақының қымбаттауына қарамастан, жеңілдіктер сақталды. Павлодар жеңілдікті категориялар саны бойынша республикада көш бастап тұр. Әлеуметтік топқа жататын 13 түрлі санаттағы адамдар қоғамдық көліктерде тегін қатынайды. Ал зейнеткерлер мен  оқушылар 50 пайыздық жеңілдікпен жүреді. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ