Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қыстың күні асфальтталған жолдың сапасы қандай болмақ?

AstanaTV
08.12.2022ж. 20:00
1445
Қыстың күні асфальтталған жолдың сапасы қандай болмақ?

Түркістан облысының Ордабасы ауданында қыстың көзі қырауда асфальт төселіп жатыр. Жергілікті тұрғындар бұл көзбояушылық мемлекеттің қаржысын босқа ысырап ету, дейді.

7-желтоқсан. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекеніндегі,.. кеше ғана қар түскен. Үстіне әдейі биттің қабығындай қылып істеп кетіп жатыр. Істедің ба істедің... судың үстіне әшейін жамап, сонда мұның астына не төсеп жатыр бұлар?!

Видео авторының айтуынша, асфальт астына құйылған қоспа көзге көрінбейді. Ол жаңа төселген жолды аяғымен түртіп, қолымен де көтеріп көрсетіп жатыр. Сапалы жұмыс бұлай болмауы тиіс деген белсенді «жыл соңында бюджетті игерудің бір амалы ма?!» - деген ойын жеткізген. Жергілікті тұрғындар желтоқсан айында қарбалас қимылдап жатқандардың жұмысы көктемге дейін жарамай қалады ма деп алаңдаулы. Айтуларынша, бұл - Шұбарсу елді мекеніндегі орталық көшелердің бірі.

Ал Ордабасы ауданы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы жаңа төселіп жатқан жолдың көпшілік ойлағандай негізгі жол емес, автокөліктерге арналған тұрақ деп отыр. Бұл - Дінмұхамед Қонаев көшесін абаттандыру жұмыстарының 2-ші кезеңі екенін жазбаша жеткізді.

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Исламқұлов мектебі алдына автокөліктерге арналған автотұраққа асфальт жабындысын төсеу жұмыстары техникалық талаптарға сәйкес жүргізілуде. Асфальт жабындысының астына жабысқақ материал себу жұмыстары арнайы техникамен жүргізілген. Сонымен қатар, асфальт материалының нысан басындағы температурасы 130-150 градус, талапқа сәйкес 120 градустан жоғары болса асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген.

А. Төребекқызы