Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада 19 жастағы жігіт 25-қабаттан құлады

AstanaTV
09.12.2022ж. 20:00
1498
Астанада 19 жастағы жігіт 25-қабаттан құлады

Астанада 19 жастағы жігіт 25-ші қабаттан құлап кетті. Оқиға таңғы уақытта болған. Тұрғындардың айтуынша, ер азамат бұл үйдің тұрғыны емес. Жолдастарына жиі келетін көрінеді.

Полиция қызметіне Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Жігіттің жеке басы анықталды.

Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, АСТАНА қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тексеру барысында аталған факті расталды. Полиция қызметкерлері жігіттің жеке басын анықтады. Ол 25 қабаттан құлаған 19 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Қазір ҚР ҚК 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Д. Онласын