$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Әуе рейстерінің кешігуі неге жиілеп кетті?

AstanaTV
09.12.2022ж. 20:00
2178
Әуе рейстерінің кешігуі неге жиілеп кетті?

Жыл басынан бері 8 авиакомпания кешіктірілгені үшін ірі көлемде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Бірақ әуежайдағы жағдай әлі де реттелмей тұр. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Әуе компаниясының кесірінен жұмысымыздан қалдық деген жолаушылардың шағымдары азаяр емес. Бізбен байланысқан азамат өз есімін құпия қалдыруды сұрады. Себебі, бұдан кейін өзі аталған әуе компанияның қызметіне жүгінбейтінін жеткізді.

Екі рейске билетіміз болған. Бірі Ақтау-Астана, екіншісі Астана-Баку. Екеуі де СКАТ компаниясынан 1 күн қалғанда сатып алдық. Бірақ ескерту тек ұшатын уақытта ғана айтылды. Жасалған қолайсыздықтар үшін, компания өкілдері түсіндірген жоқ. Қаражат пен билетті де қайтармады. Ақтау-Астана бағыты бойынша рейс келесі күнге қалды. Аяғында басқа авиакомпаниямен ұшуға тура келді.

Бұл бірінші жағдай емес. Осыған дейін де арнамыздан шағымдарды көрсеттік. Қызмет көрсетуге көңілі толмайтындардың қатары азаймаған.

БЛИЦ:

- Сәлеметсіз бе! Сіздердің" Скат" авиа компанияларыңыз өте нашар жұмыс жасайды. Ол шындық. Бірнеше рет уақытын ауыстырады. Ескерту тек аэропортқа барғанда күтіп отырғанда келеді. Өткенде де жаздым жауап берілген жоқ.

- Қызмет көрсету ең төмен авиа компания Скат. Задержка. Ещё ұялмай ішінде бір шай бермейді задержкага. За то сэндвич стаканда наглые. Меню бар оплата былай былай деп.

- Скат неге үнемі кешігеді скатка билет алсақ уақытымыздың барлығы аэропортта өтеді өте нашар әрдайым кешігеді.

Аталған компания кешігудің басты себебін ауа-райымен байланыстырып отыр.

Виктория СТАРОЖИЛОВА, SCAT ӘУЕКОМПАНИЯСЫ, PR ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ұшу уақытын ауыстыру әуе кемесінің кеш келуімен байланысты. Бұл алдыңғы бағыттардағы қолайсыз метеожағдайлар себеп болды. Жолаушылар авиакомпанияның кассаларында басқа рейстерге қайта рәсімдей алады. Немесе сатып алу орны бойынша ұшу құнын 100% қайтаруды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

Жыл басынан бері 8 авиакомпания кешіктірілген үшін ірі көлемде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған. Рейс кешіксе жолаушылардың құқығы қорғалуы тиіс.

Әділет КӨБЕНОВ, АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ АВИАЦИЯЛЫҚ ТАСЫМАЛДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Егер авиакомпания кінәсі бойынша рейс кешігіп тиісті қызметтер орындалмаса, авиакомпанияға қатысты тиісті шаралар қабылданады. ҚР заңнамасына сәйкес рейс әуекомпанияның кінәсімен кешіккен жағдайда әр кешіккен уақыт үшін тиісті қызметтер ұсынылатын болады.

Десе де әуе рейсі кешіккен жағдайда бұл әр жолаушының қауіпсіздігі үшін дейді. Жауаптылардың айтуынша, авиакомпания қандай да бір қауіп төнген жағдайда тиісті шаралар қабылдауға міндетті. Бұл рейстердің кешігуіне әкеліп соғатын көрінеді.

Ә. Дүкембаева