$464.72 €496.32 ₽5.4
×

Он бір жасар балаға жәбір көрсетті

AstanaTV
09.12.2022ж. 20:00
2087
Он бір жасар балаға жәбір көрсетті

Алматыда 11 жасар баланы 14 жастағы жасөспірім зорлаған. Сорақысы, жәбір көрген бала да- ұл. Оның ата-анасы жанын қоярға жер таппай отыр. Баласының тағдырына алаңдайды. Қорлық көрсеткен кәмелетке толмаған жеткіншектің жазалануын талап етуде.

Алматы облысында тұратын отбасы бірнеше айдан бері психотерапевтер мен емшілердің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Оқиға 11-шілде күні болған. Далада ойнап жүрген баласын алдап, жыныстық қатынасқа түскен.

Сол жерде фишка ойнайық деп екі баламды сол жерге ойнайық деп алдап апарып, кіші балам кішкене нәзіктеу болғандықтан соны қорқытып, сол шалаштың ішіне кіргізіп, іш киімін шешкізген, оған балам шешпеймін десе ұрамын деп қорқытып. Одан кейін жаман іс әрекетін ойындағы жүзеге асырған

Зорлық-зомбылықтың құрбаны болған кішкентай бала әлі күнге дейін дәретке дұрыс шыға алмайды. Ал бұрынғыдай аулаға шығып ойнауға үрейленіп қалған. Заңгерлердің айтуынша қылмыс жасаған тұлға 14 жасқа толмағандықтан, ешқандай шара қолданылмайды. Тек ата-анасына айппұл салынуы мүмкін.

Айнара АЙДАРХАНОВА , ЗАҢГЕР:

Өкінішке орай, қазіргі уақытта мұндай жағдайлар көбейіп кетті.  Олар заңнамалық деңгейде шешілуі қажет, ата-аналарға тек БАҚ-тың көмегіне жүгінуге тура келеді, көпшілікке жетіп, бұндайды тоқтату үшін. Бұзақылардың ата-аналары әрине Неке және отбасы туралы заң бойынша белігілі бір жауапқа тартылады, бірақ олар өздерінің балалары үшін толық жауапкершілік алып жаза ала алмайды.

Амангелді МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, ПСИХОТЕРАПЕВТ:

Баланың бойындағы гармондар жетілуі 13 жасқа дейін жүреді, ол 9 жастан басталады негізінде кейбіреулерде. Сол кезде биологический организм өз қажеттіліктерін қалыптастыра бастаған кезде, сол кезде ол бағанағы телефоннан көреді, немесе айналасындағы әңгімелерден іздейді. Соны өзін ұстай алмай қалған бала сондайға баруы мүмкін. Бұл жерде ата-аналпрдың өздерінің кінәсі бар.

Жәбір көрген баланы ата-анасы апармаған жері қалмаған. Бойында қорқынышын жеңе алар емес. Амалы таусылған ана жанайқайымды құзырлы органдар тыңдаса дейді.

А. Пернебек