Елордада «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының жүлдегерлері марапатталды. Бұл сыйлық елдің мәдени, спорт және қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген ерекше қажеттіліктері бар жандарға берілді. Арнайы номинациялар бойынша үздік деп танылғандарға 1 млн теңгенің сертификаты табысталды. Шара «AMANAT» партиясының қолдауымен ұйымдастырылды.
«Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығы биыл 15-ші рет табысталып отыр. Мейрейтойда сөз алған «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жоба ерекше қажеттіліктері бар мыңдаған адам үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашқанын айтты. Қоғамда белсенділік танытып жүрген ерекше қажеттіліктері бар жандар көпке үлгі деді.
Амангелді ҚАПАНОВ, "МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ОҢ ӨЗГЕРУІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:
Алғашқы рет алып отырмыз. Міне осы ұйымдастырушыларға бәріне көп рақмет. Өйткені мынадай конкурстар болуы қажет.
Жобаның басты мақсаты- ерекше қажеттіліктері бар жандардың тұлғалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға көмектесу. Сондай-ақ, олардың алға жылжуға және қоғамға пайда әкелуге деген ұмтылысын қолдау дейді,-ұйымдастырушылар.
Жанат ОМАРБЕКОВА, ҚАЗАҚСТАН МҮГЕДЕКТЕР КОНФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Әр жыл сайын сіздермен елордада кездесудеміз. Мен бұл үшін өте қуаныштымын, себебі сіздер өте мықтысыздар, оны жыл сайын дәлелдеп көрсетіп келесіздер. Әрине адамның мүмкіндіктері шектеусіз. Әрбір күн біз үшін үлкен мүмкіндік. Бұл тұста әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан «AMANAT» партиясына алғысым шексіз.
Биыл байқауда 7 азамат топ жарды. Соның бірі-алматылық Бақтыгүл Әлімбекова. Ол- Босфор бұғазын бір жарым сағаттан аз уақыт ішінде жүзіп өткен параспортшы.
Бақтыгүл ӘЛІМБЕКОВА, "СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ АСА ҮЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН" СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:
"Жан шуақ" премиясы- бұл қоғамдық халықаралық премия. Осыған іліккеніме, осыған ұйымдастырушы "AMANAT" партиясына алғысым шексіз. Осындай шаралар көп болып тұраса екен деген ниет білдіремін.Өйткені шектеулердің барлығы ол тек біздің басымызда ғана. Өмір шектеусіз. Бәрі біздің қолымызда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын әр номинация бойынша үміткерлер саны артып келеді. Мәселен биыл «Жан Шуақ» сыйлығына қатысуға еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам өтінім түскен. Айта кетейік, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдауда «AMANAT» партиясы әрқашан жүйелі жұмыс атқарып келеді. Бұл - партияның басты басымдықтарының бірі.
Б. Сатуов