Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордалық жастар үздік жобаларды талқылады

AstanaTV
09.12.2022ж. 20:00
1797
Елордалық жастар үздік жобаларды талқылады

Елордада «Жаңа белестегі жастар» форумы өтті. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын басқосу түрлі салада ел дамуына үлес қосқан жастардың жетістігін насихаттауға бағытталған. Жастардың ең үздік идеясын бір арнаға тоғыстыратын шара ашық алаң форматында ұйымдастырылды.

«Жаңа белестегі жастар» форумы Елорда жастарының жан-жақты дамуына, кәсіби шығармашылық тұрғыда өсуіне мүмкіндік беруді көздейді. Елімізге танымал спорт, мәдениет, білім, ақпараттық технология, бизнес салаларының өкілдері үздік жобалары бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

Қайрат ҚАМБАРОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Астана қаласы стратегиясын әзірлеу үстіндеміз. 2023-27 жылға дейін. Бүгінгі мынау форумның қорытындысы бойынша, алдымызда болатын көптеген конференциялардың қорытындылары бойынша біз өзекті, жақсы проектілерді алып, Астана қаласының жастар саясатының стратегиясын жасайтын боламыз.

Сондай-ақ форум аясында Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері марапатталды. Биыл жастар сыйлығына -30 жыл, осы уақыт ішінде 300-ден астам талантты жас лауреат атанған. «Ғылым», «Эстрада», «Әдебиет», «Театр және кино», «Журналистика», «Қоғамдық қызмет» салалары бойынша биылғы іріктеу нәтижесінде 10 номинация, 19 жеңімпаз таңдалды.

Оксана НӘБИЕВА, «ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ:

Біздің оқушылардың саны күннен-күнге көбейіп келе жатыр. Олар өздерінің деңгейін көтеріп жатыр. Қазақ тілін оқып жатыр. Қазақша оқып жатыр.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Президентіміздің жастар жылы аясында берген тапсырмасына сай Парламент Сенаты мемлекеттік жастар саясаты туралы заң жобасын мақұлдады. Енді заң одан әрі мемлекет басшысына қол қоюға енгізіледі. Заң жобасында көрсетілген басты мәселе жастардың жасын 35 жасқа дейін көтеру бойынша біздің ұсынысымыз қабылданды.

«Дарын» сыйлығы иегерлеріне төсбелгі мен ақшалай сыйақы берілді.

Р. Бақытжанқызы