Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атырауда балық шаруашылығы саласында алдағы үш жылда құны 16 млрд теңге құрайтын 9 инвестициялық жоба іске қосылады

AstanaTV
09.12.2022ж. 20:00
2536
Атырауда балық шаруашылығы саласында алдағы үш жылда құны 16 млрд теңге құрайтын 9 инвестициялық жоба іске қосылады

Атырау облысының балық шаруашылығы саласында алдағы үш жылда құны 16 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба іске қосылады. Олардың барлығы тауарлы балық өсіру мен терең өңдеуге бағытталған.

 «Сағиева» шаруа қожалығы биыл қара жерден үш бірей тоған қазды. Келер жылы тағы алтауын іске қоспақ. Тұйықталған сумен жабдықтау қондырғыларын орнатып қойды. Әзірге қожалықта 100 мыңнан астам балық бар.

Рашиден ҚАЛИДУЛЛИН, «САҒИЕВА А» ШҚ БАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бекіре тұқымдас балықтар өседі жылына 100 тоннадай, 500 келідей қара уылдырық шығарамыз деп отырмыз. 300 тоннадай қара балықтың өңдеп сатамыз деп отырмыз. Алдағы жоспар 21-ден-25ке дейінгі жоспарымыз.

Аймақта балық шаруашылығына қатысты жоспар көп. Алдағы 3 жылда жүзеге асатын 9 жобаның 8-і тоғанда балық өсіру болса, біреуі - ірі балық өңдеу зауыты. Кәсіпорын толықтай заманауи технологиямен жабдықталып, 80 пайызы автоматтандырылады деп күтілуде.

Артур СӘДІБЕКҰЛЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Осы жобалардың жүзеге асу нәтижесінде қазіргі товарлы балық өсіру көлемі 78 тоннадан 15 мың тоннаға дейін арттырамыз деген жоспарымыз бар. Біздің ерекшелігіміз сол тауарлы балық өсірудің именно тұқы балықтарын өсіреміз де жоспарлануда.

Бұл жобалар іске қосылған кезде балық өнімін экспорттау көлемі 12,7 мың тоннадан 25 мың тоннаға артады. Нәтижесінде 511 жаңа тұрақты жұмыс орыны ашылмақ.

Б. Надірқызы