$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі дөңгелек үстел ұйымдастырды

AstanaTV
09.12.2022ж. 20:00
3001
Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі дөңгелек үстел ұйымдастырды

Бүгін -Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі дөңгелек үстел ұйымдастырды. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - адам құқықтарын қамтамасыз етудің қажетті шарты" атты шараға әлемдік сарапшылар, дипломаттар мен халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласы халықаралық стандарттар негізінде жетіліп келеді. Алдағы уақытта да тәжірибе алмасу жалғасуда.

Қанат СӘЛІМБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ПРЕВЕНЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Іс-шараның негізгі мақсаты- халықаралық сыбайлас жемқорлықтың тәжірибесін зерттеп, “греко және экономикалық ынтымақтастық даму” ұйымының ұсыныстарын ескере отырып, осы Қазақстанда жүріп жатқан іс-шараға тиісті, тиімді тәжірибе алу болып есептеледі.Соған байланысты осы жыл барысында Президенттің жарлығымен 22-26 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепциясы қабылданған болатын. Алматы қаласы бойынша алатын болсақ, жыл басынан 94 қылмыс тіркелді, оның ішінде мына біздің ведомствоның жедел түрде анықтаған қылмыстары болып есептеледі.

А. Пернебек