$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

AstanaTV
12.12.2022ж. 20:00
2195
Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

"AMANAT" партиясы жанындағы өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында Президенттің тапсырмасы аясында 2025 жылға дейін елдің барлық аймағын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасының орындалу барысы талқыланды. Республикалық қоғамдық кеңес төрағасы Әмірхан Рахымжановтың айтуынша, әлі күнге дейін ауыз сусыз отырған ауылдар да бар. Жергілікті билік мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны дұрыс пайдаланбайды. Сондықтан осындай олқылық көп дейді. Бұл мәселеге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жауап берді.

Еркебұлан ДАУЫЛБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Өз кезегінде тез тозуына алып келеді. Нәтижесінде салынған жерлер істен шығып, оларды қалпына келтіру үшін қосымша бюджеттік шығындарды қажет етеді. Сонымен қатар сумен жабдықтау су бұру нысандарының пайдалануға берілмеу жағдайлары ұзақ мерзім құрылыстар дейміз бүгінгі таңда орын алып отыр.

Ә. Дүкембаева