Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Көкшетауда қоқыс төгетін полигон салынады

AstanaTV
12.12.2022ж. 20:00
1653
Көкшетауда қоқыс төгетін полигон салынады

Көкшетауда қоқыс төгетін полигон салынады. Қазір оның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Алдағы жылы қажетті құжаттар рәсімделсе, құрылыс басталады,-дейді сала мамандары.

Тұрмыстық қатты қалдықтар шығару үшін қаланы 5 бөлікке бөліп, қарастыру керек. Сонда ғана тұрғындарға сапалы қызмет көрсетілмек. Тиісті ведомоства өкілдері осылай дейді. Сондай-ақ, шағын шаһардағы қоқыс жәшігін көбейту қолға алынған.

Әділет РАҚЫМЖАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қаланың абаттандырылған секторында 2300-ден астам контейнер тұратын 224 учаске бар. Қазір Кодекс талаптарына сай келетін жаңа алаңдарды салу үшін 105 жер учаскесі рәсімделді, қалған 119 жер телімін тіркеу 30 желтоқсанда аяқталады.Құрылысқа қажетті 120 млн теңгеге бюджеттік өтінім қарауға жіберілді. Тиісті қаржы бөлінсе, бұл іс-шаралар келесі жылы жүзеге асырылмақ.

Облыс орталығында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және орналастыруға қатысты тарифтер белгіленген.Бұл қордаланған мәселенің оңтайлы шешілуіне оң әсер етпек. Осы бағытта қала тұрғындарымен арнайы келісім-шарт жасалуда.

Әділет РАҚЫМЖАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бүгінде Застанционный елді мекенінің аумағында 1370 үй бар. Солардың 168-і келісім-шарт жасады. Ол жердегі қоқысты «Көкше тазалық» серіктестігі апта сайын тегін шығарып келеді. Шамамен аптасына 30-40 текше метр қатты қалдық шығарылады.

Қала тазалығына енді екі компания жауап береді. «Көкше тазалық» ұйымы өз жұмысын тоқтатқанмен, елордалық жаңа серіктестік осы айдан бастап жұмысқа кірісті.