$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан үшін бір АЭС аздық етеді, – сарапшы

AstanaTV
12.12.2022ж. 20:00
1431
Қазақстан үшін бір АЭС аздық етеді, – сарапшы

Атом электр станциясы Алматы облысы, Үлкен ауылы маңында салынатыны белгілі. Жобалық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана стансаның құрылысы басталады. Ал оны кімдер, қай елдің технологиясымен салатыны әлі талқыланып жатыр. Сарапшылардың болжауынша, елімізде электр энергиясына сұ¬ра¬ныс күннен-күнге артып келеді. Бұл ретте Қазақстанға бір ғана атом электр станциясы аздық етуі мүмкін, дейді.

Тим ЙЕО, NNWI БРИТАНИЯЛЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қаржы тұрғысынан қарағанда бұл әлдеқайда орынды болады. Мысалы, Ұлыбританияда біз бірнеше атом электр станциясын салып жатырмыз. Сондықтан Қазақстан сияқты ірі мемлекет үшін бір атом электр станциясы аздық етеді.

Саябек САХИЕВ, «ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ» БАС ДИРЕКТОРЫ:

Энергетиканың дамуы қай елдің болсын, сол өзінің даму дәрежесін көрсетеді. Атом электр станциясын салу шешілген дүние. Әзірге шешілмегені оны кім салатыны, қай елдер? АЭС Қазақстан осыдан ондаған жылдар бұрын салып бастау керек еді. Өйткені АЭС болашақта 100 жылға дейін жасыл энергетика болып есептеледі және солай боп қала береді де.

Қ. Мерей