Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

24 сағаттық бейнебақылау жүйесімен қамтылған жатақхана пайдалануға берілді

AstanaTV
12.12.2022ж. 20:00
1209
24 сағаттық бейнебақылау жүйесімен қамтылған жатақхана пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада студенттерге арналған жатақхана пайдалануға берілді. Оның ерекшелігі-ғимарат 24 сағаттық бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Менеджмент, бизнес және білім колледжінің бұл жатақханасы 110 орынға лайықталған. Осымен студенттердің сұранысы 100 % қанағаттандырылды.

Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттері үшін қиындықтар артта қалды. Енді олар -жалдамалы пәтерге қарағанда әлде қайда арзан, жайлы жаңа жатаққхананың тұрғыны. Небәрі 15 мың теңге төлейді. Жатақханада демалыс бөлмесі, ас үй, спорт залы, душ бар. Бөлмелер жиһазбен толық жабдықталған. Ауырып қалса, медициналық қызметке жүгіне алады. Ең бастысы 24 сағаттық бейнебақылау балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етпек.

Олжас ТОҚЫШ, СТУДЕНТ:

Колледжге өте жақын жерде орналасқан. Өте ыңғайлы жағдай біз үшін. Маған ұнайтыны бірінші қабатта спортзал мен коворкинг орталығы бар.

Астана қаласында 34 колледж бар. 32 мың студент білім алады. Жатақхана тапшылығы бар. Студенттерді жатын орынмен қамтамасыз ету үшін колледж оқу ағарту министрлігі, "Қаржы орталығы" АҚ арасында үшжақты шарт жасалған. Сол келісімшарттың негізінде оқу орны ғимаратты салуға қаражат бөлді. Енді мемлекет оның шығындарын өтейтін болады.

Қасымхан СЕНҒАЗЫЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бізде 32 мың студентіміз бар. Соның 3 мыңға жуық студенті жатақханаларда тұрып жатыр. Бірақ та бізге әлі 1 мыңға жуық жатақханаларда орын қажет. Балаларға хостелдардан мемлекет тарапынан әр балаға қаражат бөліп, баучерлерден хостелден орын алып беріп жатырмыз. Бірақ әрине жатақханаға жетпейді. Әкімдіктің өз жоспары бар. Болашақта тағы жатақхана салу деген.

Биылдан бастан мемлекеттік грант алу үшін жекеменшік оқу орындарының жатақханасы болуы шарт. Бұл оқу ордаларын ынталандырса, жеке инвесторлар үшін жаңа мүмкіндік. Себебі, үкімет әр балаға қаржы бөліп отыр. Бұл жоба жергілікті биліктің қолдауымен жүзеге асырылады.

Р. Бақытжанқызы