$498.34 €519.72 ₽4.85
×

АЛЖИР лагерь тұтқындарына арналған қойылым сахналанды

AstanaTV
12.12.2022ж. 20:00
2207
АЛЖИР лагерь тұтқындарына арналған қойылым сахналанды

Астанадағы музыкалық жас көрермен театры АЛЖИР лагері тұтқындарының рухына бағышталған тарихи деректі драма қойды. Спектакль "гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" жаһандық науқаны аясында сахналанды. Қойылым өмірде болған оқиғаға негізделген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлжамал Майлина және Канн кинофестивалінін лауреаты Самал Еслямова ойнады. Аштықтан енді ғана бас көтерген елдің зиялыларын қырып ғана қоймай, олардың әйелдерін Ақмоладағы лагерге қамап, қудалауға тап болғанын көрсетті. Бірақ қиындыққа қарамастан әйелдердің болашаққа деген сенімі мен үміті жоғалмады. Тарихи туындыдан көрермен көп дүниені ұқты.

Мария ДОЦЕНКО, БҰҰ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Бұл пьесаның қазір өтіп жатқаны құптарлық. Себебі бұл маңызды күн. Алда Дүниежүзілік адам құқықтары күні келе жатыр. Соған арнап пьесада миллиондаған сұрақтар қарастырылған. Бұл дегеніміз әйелдер, ерлер, ұлдар, қыздардың құқығы.

Д. Онласын