Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елордада мәдениет қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

AstanaTV
12.12.2022ж. 20:00
1010
Елордада мәдениет қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

Елордада шағын футболдан "MADENIET CAP" турнирі өтті. Оған Астанадағы өнер ордалары қатысты. Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын спорттық бәсекеде биыл 10 команда бақ сынады. Айта кетейік, шара тәуелсіздік күніне орай өткізілді.

Мәдениет қызметкерлерінің бұл асыға күтетін турнирі. Жыл жабар тұста теңбіл доптан теңдесіз екендіктерін дәлелдеуге барын салады. Барлығы да жоғарғы дайындықпен келген. Салауатты өмір салтын насихаттап, көрермендеріне үлгі болуда.

Ерік ЖОЛЖАҚСЫНОВ, АСТАНАЛЫҚ ЦИРКТІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Бұл елорда болғаннан кейін керек нәрсе. Жалпы көңіл-күйіміз, екіншіден мынау деннің саулығы, парасаттылық осының бәрі осы мынау бүгінгі дене шынықтырудың ішінде жатыр. Дені сауды рухы сау дейді ғой.Рухы бар. Сондықтан мынау бүгінгі іс-шараға келіп отырған қаншама міне мәдениет ошақтары барлықтары қатысып отыр. Осының бәрі бір қызық дүние.

Шағын футболға қатысуға келген өнер иелері де дән риза. Өйткені спорт өнерден алыс емес дейді. Олар түрткі болған астана қалалық әкімдігіне ризашылықтарын білдірді.

Дәурен СЕРҒАЗИН, ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ:

Спорт мәдениеттен алыс емес. Біз үшін бұл үлкен мейрам. Бәріміз бас қосып осы астанадағы мекемелер мен кездесулер өткізіп. Бұл енді салауатты өмір салтын ұстану біріншіден. Осы бүгінгі аязға қарамай, бәрі келіп жиналып мына жерде ойын білдіріп жатыр. Әрине әкімшілікке үлкен рақмет осындай шараны ұйымдастырғанға.

 Ұйымдастырушалырдың айтуынша, шараға қызығушылық танытып жатқан өнер орталықтары жыл сайын артып келеді. Өмірде жос, алаңда қарсылас. Үздік атану үшін өнер ұйымдары барын салды.

Командалардың барлығы ұжымдық ойын өрнегін көрсете білді. Әдемі пастар, жүйелі шабуыл, түрлі комбинациялар турнирдің бәсін жоғарлатты.

Санат ШАПАШОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі спорттық шара "Madeniet cap" яғни астана аренада өтіп жатыр. Ол әрине тәуелсіздік күніне арналады. Биыл бізде 10 команда қатысып жатыр. Ол бізге қарайтын мәдениет мекемелері жәнеде республикаға қарайтын. Оның ішінде Астана опера, ұлттық музей, ұлттық драма қазақ театры жәнеде жастар театрмызда бар.

Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен бас қаладағы бірнеше спорт кешендеріне жаттығуға тегін жолдамалар табысталды.

Б. Сатуов